ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

0
115

 

 

 

 

 

 

Бүгін үшінші мегаполисте «Өз елімде із қалдырмай SAYAHATTIME» акциясы негізінде «Таза қала» акциясы басталды. Қайырымдылық істер марафоны шеңберіндегі шараны «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, Шымкент қаласының іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастыруда.

– ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қалалардың ажарланып, келбеттене түсуіне жағдай жасау әрбір тұрғынның міндеті болуға тиіс» деген болатын. Олай болса Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қолға алынған «Таза қала» акциясының қолдау табатынына сенімдіміз. Қалалықтарды жанашырлық танытып, шараға белсене атсалысуға шақырамын, – деді «Нұр Отан» партиясы ШҚФ төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева.

Акция аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен ұйымдастырушылар Жангелдин көшесі бойындағы Қошқар ата өзенінің жағалау бөлігін қоқыстан, сынған ағаш бұтақтарынан тазартты. Су арнасының бітелген көздерін ашты.

Тазалық шарасына Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев және мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының студенттері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де белсене қатысты.

Мұнан бөлек, аудан аумағының тазалығына жауапты мердігер мекемелердің жұмысшылары мен 13 арнайы техника жұмылдырылды.

 

Leave a reply