АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

0
105
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызілікті қарттарға көрсететін қызметтерінің бірі – ол үйде қызмет көрсету.
Күтім жөніндегі әлеуметтік сала қызметкері Зита Жақсылыққызы көмекке мұқтаж қариялар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 2020 жылдың маусым айыннан бастап қамқорлығы мен көмегін аямай қызмет көрсетуде.
Мүгедектер мен қариялардың үйіне аптасына екі рет барып, азық-түлік пен дәрілерін әкеліп, медициналық жәрдем көрсетеді және үйде гигиеналық тазалау жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Өзінің қамқорлығындағы әр адамға ерекше күтіммен қарап, барлығының көңілін табады. Әлеуметтік қызметкер еңбегі үшін жиі қариялардың алғысына бөленеді.
Қызмет алушы Валентина Агаркова 1947 жылы туған. 30 жасында жол апатына түсіп, бел омыртқасына зақым келген. Содан бері арбаға таңылған. Қазіргі таңда денсаулығы бірқалыпты. Дәрігерлердің бақылауында есепте тұрады.
Бүгінде Шымкент қаласында 1000-ға жуық жандарға үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде жалғызілікті қарттар, мүгедектігі бар азаматтар мен психоневрологиялық ауруы бар ерекше жандар бар.

Leave a reply