СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

0
114
Бүгін ZOOM платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Жиынды аталған кеңестің төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев жүргізді. Күн тәртібінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оны алдын алу мақсатында атқарып жатқан жұмыстары мен «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысының есебі туралы екі мәселе қаралды.
Отырысқа партияның ауданық және қалалық филиалдар жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағалары мен мүшелері, партияның қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, партияның қалалық мәслихаттағы фракциясының жетекшісі әрі төрағаның орынбасары Бекайдар Төлегенов, партияның Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Рашид Мыңбаев қатысты.
Отырыстың қорытындысы бойынша арнайы қаулы қабылданып хаттама түзілді. Қаулыға отырыста көтерілген ұсыныстар енгізілді.
Ұсыныстардың мерзімінде орындалуын бақылау үшін аталған қаулы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаевқа жолданатын болады.

Leave a reply