ҚАЛАНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА

0
164
Бүгін Zoom платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Оған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Тулегенов, Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Сырым Абдуллаев, Шымкент қаласының санитариялык-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов, қаламыздағы төрт ауданның әкімдері, партияның қалалық және аудандық филиалдар жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе 2021 жылдың басынан бері карантин талаптарына бағынбай әртүрлі отбасылық жиындарды жасырын ұйымдастырып отырған тойхана, ірі кафелер мен ойын сауық орталықтарының иелеріне қолданылған шаралар барысы туралы тиісті мекеме басшыларының есебі және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету, барлық нысандардың «Ашық» қосымшасына тіркелуі және т.б карантин талаптарының сақталуын жолға қою жұмыстары туралы болды.
Жиында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі карантин талаптарына қарамастан жасырын тойлар өткізу тоқтамай отырғанын алға тартты. Мысалы, осы жылдың алты айында тыйым салынған отбасылық жиындарды ұйымдастырған 210 тойхана мен ірі кафелерге 11 620 065 теңге, 88 ойын сауық орындарына 3 886 450 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Мәжілісті қорытындылау кезінде Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев қала тұрғындарын той-томалақ өткізбеуге шақыра отырып «Пандемиямен тек дәрігерлер, полицейлер ғана емес,тұтас қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Осы орайда аудан әкімдіктері жанынан құрылған мобилдік топ құрамына Шымкент қалалық және аудандық партия филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерін енгізу туралы ұсынысты қарастырсаңыздар»,-деді.
Айта кетейік, қазіргі таңда қалада санитариялық-эпидемиологиялық талаптарың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильді топ бар. Мобильді топтар Шымкент қаласы Полиция департаментімен бірге жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша барлығы 2046 бұзушылық анықтаған.

Leave a reply