ЭТНОС АРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ — БАСТЫ НАЗАРДА

0
121
Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ақпарттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы құрылған ақпараттық-насихаттық жұмыстар жоспары бойынша қаладағы Әл-Фараби ауданына қарасты Забадам тұрғын алабындағы тұрғындармен кездесу өткізілді.
Кездесу карантин талаптарын сақтай отырып, көшелерде мемлекеттік этносаясатты түсіндіру бағытындағы жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім қағидаттарын ілгерілету, мемлекеттік этносаясаттың бағыттарын түсіндіру, аумақ тұрғындарын толғандыратын мәселелерді айқындау мақсатында ұйымдастырылды.

Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Этнос өкілдері қаланың әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді. Елімізде өзге этнос өкілдерінің тату-тәтті тіршілік кешуі өзге мемлекеттердің қызыға қарайтын үрдісіне айналуда. Бұл тікелей Елбасы Н.Назарбаевтың кемеңгер саясатының жемісі екені даусыз.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда қаладағы 1 миллионнан астам тұрғын бар болса, оның 67,4 пайызын – қазақтар, 17,6 пайызын – өзбектер, 8,9 пайызын – орыстар және 6,1 пайызын өзге этнос өкілдері құрайды. Сондай-ақ, 17 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде.

Leave a reply