КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

0
127
Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту жөніндегі шаһар әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов бүгін ауданда құрылған мобильді топпен бірге аудандағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері қаулысының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.
Кезекті мониторинг жұмыстары барысында аудан басшысы нысан иелері мен қызметкерлеріне күнделікті санитарлық талаптарды және қаулыда көзделген тапсырмаларды бұлжытпай орындауды тапсырды. Сондай-ақ, Абзал Шымкентбайұлы мониторинг жұмыстары нәтижесінде анықталған кемшіліктерге хаттамалар толтырып, құзырлы мекемелерге заң шеңберінде жолдауды жүктеді.
Еске сала кетсек, 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ жалпы карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтап, тиісті шара қарастыру үшін Қаратау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдаған болатын.
Оның ішінде 488–іне әкімшілік айыппұл салынса, ал 34-і жұмыс үстінде. Толтырылған хаттамалардың жалпы соммасы 27 434 355теңгені құрайды. Жеке тұлға 21*41670 = 875 070 тенге (өткен жылдан қалған), жеке тұлға 446*43755 = 19 514 730 теңге, жеке кәсіпкер 17*335 455 = 5 702 735теңге, ЖШС. 1*335 455 = 335 455 теңге, лауазымды тұлға 3*335 455 = 1 006 365 теңгеге айыппұл салынды.

Leave a reply