ҚАЛАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ВАКЦИНА ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТҚА СЕНБЕЙ, ЕКПЕ САЛДЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

0
133

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 452 жағдай (387 симптоммен, 65 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 244 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 208 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7616 адам вакцина алды (I компонент-1
2515, II компонент-5101). Егу науқаны басталғалы барлығы 362 736 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 261 861 адам вакцинаның екі компонентін алды.

— Қазір 2149 азамат инфекциялық стационарда ем қабылдауда.Төсек-орын толымдылығы 70 пайыздан асты. Біз науқастарды емдеу үшін қосымша орындар аша береміз. Алайда бұл вирусты жеңу тек медицина қызметкерлерінің қолында емес. Дәрігерлер ауруханаға түскен әр науқастың өмірі үшін соңына дейін күресуде. Бірақ ауыр жағдайда түскен науқастардың өмірін аман алып қалу қиын болуда. Өкініштісі сол, коронавирус жұқтырып көз жұмған науқастар вакцина туралы қауесеттерге сеніп, вакцина салдырмаған. Сондықтан тұрғындарды вакцина туралы жалған ақпаратқа сенбей, екпе салдыруға шақырамыз, — дейді басқарма басшысы Б.Позилов.

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға шақырады.

Leave a reply