Жоғары жалақы алатын мамандар тізімі жарияланды

0
127

2022 жылғы маусымда Электрондық еңбек биржасында 124,6 мың бос жұмыс орны және 59,9 мың түйіндеме орналастырылды. Бұл туралы Infonews.kz сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 1,5 есе, ал өзекті түйіндемелер саны 31%-ға артқан.

— «Бос жұмыс орындары санының күрт өсуі барлық өңірлерде байқалды, бірақ ең көбі Ақтөбе (2,5 есе) және Жамбыл (3 есеге жуық) облыстарында байқалып отыр. Нәтижесінде аталған өңірлер бос жұмыс орындары бойынша бірінші орынға шықты (тиісінше 12,9 мың және 12 мың бос жұмыс орны). Қарағанды облысы да бос жұмыс орындары бойынша алдыңғы қатарға жайғасты (12,6 мың). Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындар мен фирмалардың ұсынысы 5,8%-ға – 3,3 мың бос орынға дейін азайды. Сондай-ақ, ұсынылатын жұмыс орындарының ең аз саны Шымкент қаласында – 3,5 мың және Маңғыстау облысында-3,1 мың бос орын» деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы»,- деді басқарушы директор Александра Молчановская.

Келесі мамандықтарға ізденушілер ең жоғары жалақыны күтуде:

  • өндірісті дайындау бойынша инженердің көмекшілері – 5 млн теңге;
  • дыбыс режиссерлері – 2,1 млн теңге;
  • инвестициялық жобалар бойынша директорлар – 1,9 млн теңге;
  • гуманитарлық ғылымдар саласындағы ЖОО профессорлары – 1,8 млн теңге.

ЭЕБ-да ұсынылған ең жоғары ақы төленетін бос жұмыс орындары:

  • риэлторлар (орта есеппен 900 мың теңге);
  • бас құрылысшылар (824 мың теңге);
  • объективті бақылау жөніндегі инженерлер (800 мың теңге).

Leave a reply