ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАР – ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТАДЫ

0
119

Шымкентте үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығында 89 млрд. теңгеге 63 кәсіпорын бой көтерген. Соның нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Ал екінші бесжылдықта 97,4 млрд. теңгеге 41 жоба қолдау тауып, соның арқасында 2,5 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 2020-2021 жылдар кезеңінде 414,3 млрд. теңгеге 90 жоба жүзеге асып, 7,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған.

– Индустриалды аймақтар мен мен АЭА қала экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді. Шын мәнінде индустриялды және арнайы экономикалық аймақтар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер болып саналады.Бүгінгі таңда қала аумағында «Оңтүстік» пен «Тассай» индустриялды аймақтарының аумағы 426 гектарды құрайды. Қазіргі таңда ИА аумағы 95 пайызға толған, — деді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков айтып берді.

Қалалық кәсіпкерлік басқармасы басшысының сөзінше индустриалық аймақтарда кәсіпорындарға үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер уческелері ұсынылады. Бизнес өкіліне жобасын жүзеге асыру үшін нағыз керегі осы жер телімі. Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай жер учаскелеріне мемлекет тарапынан инженерлік жүйелерге қосылу нүктелері тартылған.

Өз кезегінде металлургия, фармацевтика, жиһаз, құрылыс материалдарын шығару бойынша жаңа аймақтар құрылуда. Соның ішінде «Жұлдыз» ИА-ны құру мерзімі 2021-2022 жылдар аралығын қамтиды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту үшін қосымша  Ал екіншісі «Бозарық» агро-индустриялық аймағы. Мұнда негізінен ауыл шаруашылығы өнімдері терең әрі қайта өңдеуден өткізіледі.

Leave a reply