СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

0
121

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша кешенді жоспардың аясында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ тарапынан жыл соңына дейін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша діни бірлестіктермен және түрлі этностар өкілдерімен бірлескен іс-шаралар өткізу жөнінде кесте жасалған.

Осыған орай, 28 шілде күні «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен онлайн кездесу өтті. Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов жүргізді.

Онлайн жиында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы мен өзбек этномәдени қоғамы қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері қатысты.

Жиын барысында көптеген келелі мәселелер қозғалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізу мәселелері сөз болды.

Айта кетейік, Ашықтық, тиімді кері байланыс, адамдардың қажеттілігіне жедел әрекет ету Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Осы мақсатта былтыр Шымкентте ANTIKOR ORTALYǴY сервистік орталығы ашылған болатын. Агенттіктің сервистік орталықтарының жұмысы Президенттің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына толықтай сәйкес келеді.

Leave a reply