7 МАГИСТРАЛДЫ КӨШЕДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

0
112

Шымкентте көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындысы, аяқ жолдар мен ирригациялық жүйелер жаңартылуда. Биыл 7 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.

–Екеуі Республика даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесі өткен жылдан өтпелі нысандар. Оған қоса биыл Б.Момышұлы, Ғ.Иляев, К.Цеткина, Ақназар хан секілді көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындысы, аяқ жолдар мен ирригациялық жүйелер жаңартылуда. Биыл орташа жөндеу жүргізіліп жатқан осы 7 нысан мен күрделі жөндеуден өтіп жатқан 4 нысанның жұмыстары толығымен аяқталады, деді басқарма басшысы.

Жақында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының алты айдағы есебін тыңдаған қала әкімі жол жөндеуге тартылған мердігер компаниялардың атқарып отырған жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстауды талап етті. Кейбір компаниялар өз міндеттемелерін орындауға салғырт қараған, нәтижесінде, оларға бөлінген жол учаскелерін кері қайтару жөнінде шешімдер қабылданған.

Leave a reply