«СК-АЙМАҚ» – ЖШС ЖИhАЗ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУҒА МАМАНДАНҒАН КӘСІПОРЫН

0
116

Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай «СК-АЙМАҚ» ЖШС шкаф жиһазы өнімдері мен құрылымдары өндірісі іске қосылды.

Жобаның инвестиция көлемі — 500 млн теңге, онда 50 жұмыс орны құрылған. Кәсіпорын жобалаудан бастап дайын өнім шығаруға дейін толық технологиялық циклын жүзеге асырады.

Сонымен қатар, жобалық қуаттылығы жылына 7 000 жиһаз өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Жобаға «Тассай» индустриялық аймағынан 1,8 гектар жер бөлінген.

Айта кетейік, Шымкентте үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығында 89 млрд. теңгеге 63 кәсіпорын бой көтерген. Соның нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Ал екінші бесжылдықта 97,4 млрд. теңгеге 41 жоба қолдау тауып, соның арқасында 2,5 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 2020-2021 жылдар кезеңінде 414,3 млрд. теңгеге 90 жоба жүзеге асып, 7,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған.

Индустриалды аймақтар мен мен АЭА қала экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді. Шын мәнінде индустриялды және арнайы экономикалық аймақтар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер болып саналады.Бүгінгі таңда қала аумағында «Оңтүстік» пен «Тассай» индустриялды аймақтарының аумағы 426 гектарды құрайды. Қазіргі таңда ИА аумағы 95 пайызға толған.

Leave a reply