ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Бүгін қала әкімінің орынбасары М.Исахов шымкенттік тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады.
Қабылдауға тұрғындар қала әкімдігінің ресми сайтына өтінім қалдыру арқылы және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын ала жазылған.
Қабылдаудағы мәселелердің басым көпшілігі қоғамдық көліктердің жүру жүйесі, шағын аудандардағы ішкі орам көшелерді асфальттау және заңсыз салынып жатқан кәсіп нысандары мен спорттық алаңшаларға қатысты болды.
Көтерілген мәселелердің дер кезінде шешімін табуы үшін Мақсұт Пернебайұлы тұрғындарға кеңінен түсіндірді. Сонымен бірге, орындалуы тиіс шараларды қадағалауға алып, басқарма басшыларына тез арада қолға алуды тапсырды.
Айта кетейік, карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізіледі.
Сондай-ақ, айтарым бар, қабылдауға жазылам деуші тұрғындар болса, https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/activities/population?lang=kk сілтемесі арқылы немесе 8-7252-24-70-31 номері арқылы жазыла алады.
Айта кетейік, маусым айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда Мақсұт Пернебайұлы қаланың стратегиялық дамуы аясында (спорт, туризм, жол құрылысы, транспорт, цифрландыру, қала орта сапасы мен оны бақылау және еңбек инспекциясы салалары) атқарылған жұмыстарды баяндады.