9 МАГИСТРАЛДЫ КӨШЕДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
122

Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 21,9 шақырым 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Республика даңғылы бойында асфальт төселіп, жаяу жүргінші, веложол және арық, құбыр өткізу жұмыстары атқарылуда. Жауапты мердігер – «Корпорация Береке-А» ЖШС.

Сонымен қатар, 2021 жылы бірқатар көшеде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Яғни, Рысқұлов («Шымкент Дор Строй» ЖШС), Момышұлы («Омар-Транс» ЖШС) және Тәшенов («Серік Бизнес Құрылыс» ЖШС) көшесінде орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Сондай-ақ, бүгінде Бәйтереков көшесінде «Профиленд» ЖШС-і тарапынан аяқжол және веложолақ салу жұмыстары атқарылуда. Бұдан бөлек, Иляев, Шаяхметов, Ақназар хан және Клара Цеткин магистралды көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, биыл шаһарда 71 нысанда күрделі жөндеу жұмысы атқарылып, межеленген жұмыстың сексен пайызы орындалған. Орташа жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асатын 160 көшені қамтиды. Ал бірінші жартыжылдықта жөндеу жұмыстары 66 көшеде аяқталды.

Leave a reply