ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» РЕЙДТІК ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

0
133

Таяуда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық Полиция департаментінің бастығын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Қала әкімі Шымкентті қауіпсіз қала ету үшін жаңаша реформа әзірлеуді тапсырды. Полиция тарапынан ұсыныс берілсе әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті қала аумағындағы қоғамдық орындар мен көшелерде тәртіпті сақтау мақсатында «Таза қала» сауықтыру іс-шарасын өткізуде.

Аталған іс-шара барысында 2021 жылғы 6-тамызда, Шымкент қаласы, «Тараз» шағынауданы, Арай көшесінің бойына жергілікті тұрғынның құрылыс заттарын шығарып қойғаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, «Таза қала» сауықтыру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары күнделікті қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен тәртіп сақшылары 109 автокөлік, 550 бейнетіркегіш, 1402 планшет және 400 дана компьютер, 550 бейнежетон және өзге де техникамен қамтамасыз етілген. Қосымша 3740 бейнебақылау камерасы берілмек.

Leave a reply