ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
26

Түркістан облысы гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою жұмыстары бойынша республика бойынша алдыңғы қатарда келеді. Отбасыдағы әлімжеттік, зорлық-зомбылық деректерін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қызметі арқылы әйелдерге қолдау көрсетілуде. Түркістан облысында отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыстағы тұрмыстық зорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді.

Демографиялық өсім жағынан озық тұрған Түркістан облысында отбасылық зорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері биыл айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, былтыр 1 мыңнан асса, биыл бұл көрсеткіш 56,3%-ға азайған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында отбасын қолдау орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. Жыл басынан бері орталықтардың көмегіне облыс бойынша 700-ден астам адам жүгінген. Оларға психологиялық, құқықтық, заңгерлік кеңестер беріліп, жұмысқа орналасуға және біліктілігін арттыруға жәрдем көрсетіледі. Тұрмыс тауқыметіне тап болған аналардың қиын жағдайларын еңсеруде, бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуде мұндай орталықтардың маңыздылығы зор. Орталыққа жүгінген тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері болған азаматтарға уақытша баспана да беріледі. Облыстағы тұрмыстық зорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген БҰҰ-ның «Халық қоныстау қорының» сарапшысы Сағадат Сабитова Түркістан тәжірибесінің көрші Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдеріне үлгі болғанын айтты. Арнайы мониторинг нәтижелерімен бөлісіп, жұмыстарды күшейту арқылы тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы ведомствоаралық жүйенің тиімділігі артып, Түркістан облысында қорғау тетіктері күшейтілетінін алға тартты. Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселесі де ең алғаш Құрылтайда көтерілген болатын.

Түркістан облысының аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына қоғамның назарын аудару, зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған осындай іс-шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылуда, онда тәртіп сақшылары тұрғындардың қатысуымен флешмобтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және заңнаманы түсіндіре отырып, дағдарыс орталықтарының байланыстары мен Сенім телефондары бар ақпараттық жадынамалар таратуда. Тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды тексеруде.

Жалпы Сайрам ауданында Отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында Сайрам ауданының Полиция басқармасы Отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы бөлімшесі қызметкерлерімен аудан көлемінде тұрғындарға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал отбасылық құндылықтарды дәріптейтін түрлі форумдар жүргізілуде. Соның бірі «Отбасындағы зорлық‑зомбылыққа жол ЖОҚ!» акциясы. Шараның мақсаты — Отбасыдағы зорлық‑зомбылықты алдын‑алу, аналарды және балаларды қорғау, қоғамда отбасы рөлін нығайту және заңнамалық жаңалықтармен таныстыру. Сайрам аудандық полициясының әйелдерді қорғау тобы мен Отбасын қолдау орталығы бірге дөңгелек үстел ұйымдастырып, тұрмыстық зорлық‑зомбылыққа ұшыраған әйелдерді қабылдады. Ерте жүктілік, отбасылық зорлық‑зомбылық жолдарын болдырмау және құқықтық‑психологиялық сауаттылықты арттыру. Сайрам ауданында тұрмыстық зорлық‑зомбылықтың алдын алу үшін акциялар, дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде өткізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары мен әлеуметтік мекемелер заңды, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету арқылы іс‑шаралар ұйымдастырып отыр. Ұлттық деңгейде қабылданған заңнамалық күшейтулер Сайрамдағы профилактикалық әрекеттермен үйлесіп орындалуда.

Түркістан облысы отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша нақты, жүйелі әрі кешенді жұмыстар атқарып келеді. Мемлекеттік саясат, қоғамдық бастамалар мен рухани институттар бірлесіп отбасындағы береке мен ұрпақ сабақтастығын сақтауға қызмет етіп отыр. Болашақта бұл бағыттағы жаңалықтар мен бағдарламалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына зор әсер етеді. Сонымен қатар, жастарға отбасылық тәрбиені насихаттайтын кездесулер өткізіліп жатыр. «Ұлттық тәрбие және отбасы құндылықтары» тақырыбындағы бағдарлама студент жастардың жанұяға деген тұжырымын кеңейтуді көздейді. Отбасылық мәртебе байқаулары мен форумдар да тұрақты өткізіліп келеді. Олардың қатарында: «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық деңгейді қамтиды. 2025 жылы жүздеген жанұя қатысып, үздіктер анықталды. Бұл байқау отбасы үлгісін насихаттап, молшылық пен мәртебені дәріптейді. «Ұрпаққа аманат» форумында отбасылық және ұлттық құндылықтар талқыланды, азаматтық сектор мен мемлекеттік құрылымдардың арасындағы диалог нығайды. «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы —  «Самұрық-Қазына» АҚ қаржыландырып отырған «Табысты отбасы» жобасы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы жанұяларды кәсіби курстарға тартуда. Түркістан облысында 27 адам кәсіптік оқуға жолданды (маркетинг, аспаздық, сұлулық саласы және т.б.) бағытында өтеді.

 

Leave a reply