САЙРАМДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА ТҮРЛІ ФОРУМДАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

0
36

Сайрам ауданында отбасылық құндылықтарды нығайту, гендерлік саясат, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы әйелдердің рөлі, және демографиялық саясатты насихаттау бағытында жүзеге асырылып жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп жатыр. Отбасы құндылықтарын нығайту және мәдениет арқылы ақпараттандыру бағытында да ауқымды шаралар қолға алынған. Осы бағытта жиын өтіп, онда «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру» атты кездесу «Отбасын қолдау орталығында» Отбасы күні аясында өтті. Шараға ардагерлер, «Ақ әже» аналар тобы мен мектеп оқушылары қатысты, олар өмірлік тәжірибе мен отбасылық құндылықтарды жас буынмен бөлісті.

Өңірде «Берекелі шаңырақ» атты жас отбасыларға арналған кездесу өтті. Түркістан облысы жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шарада ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қаржылық сауаттылық, отбасылық махаббат пен түсіністікті қалыптастыруға бағытталған кеңестер беріліп, сұрақ-жауап сессиясы өткізілді. Ал гендерлік саясат —

Түркістан облысында жалпы мемлекеттік қызметкер құрамында әйелдердің үлесі 27,3 %, ал басшылықтағы әйелдер 15 % болғаны байқалады. Әйелдер көбінесе білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейді.

«Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы және «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» сияқты ұйымдар әйелдердің құқықтарын қорғау мен кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған. Ана мен бала құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Түркістан өңірінде ТЖ-ға арналған «КӨМЕК» дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Ол әйелдер мен балаларға құқықтық, психологиялық және медициналық көмек көрсетеді. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес, балалар мен ата-аналардың әріптестігін нығайту, теңдікке негізделген тәрбиені қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі шаралар қарастырылған.

Демографиялық саясат: көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша туу көрсеткішін арттыру, көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер мен жәрдемақылар енгізу, әлеуметтік тұрғын үймен және жұмысқа орналастыруда қолдау сияқты шаралар мемлекет тарапынан жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, бала тәрбиесіне әкелердің қатысуы, мектептерде тең әріптестік мәдениетін қалыптастыру, отбасылық ресурстық қолдау қызметтерін дамыту да мемлекеттік деңгейде қарастырылуда.

Сайрам ауданында қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған «Отбасы берекесі» атты форум өтті. Шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Азанғазықызы қатысты. Спикер жиында отбасы институтын нығайту, демографиялық дамуды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою бағытындағы елімізде атқарылған жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ, ол әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбіріміздің ортақ парызымыз екендігін айтты. Мемлекет заңнамалық тұрғыда қорғау шараларын қабылдағанымен, азаматтық қоғамның бұл процесте белсенді рөлі болуы керек екенін ескертті.

Форум барысында отбасылық құндылықтар мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы пікір алмасулар болып, қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды. Сондай-ақ, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, Оразкүл Асанғазықызының “Отбасы берекесі” атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Бұл кітапта отбасы институтының мәні, оның қоғамдағы орны, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жауапкершіліктері мен сүйіспеншілік туралы жазылған. Қатысушылар форумның маңыздылығын атап өтіп, оның отбасылық құндылықтарды насихаттау, қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау тұрғысынан үлкен ықпалын тигізетінін айтты.

Жұмысшы топтар өңірдегі отбасын қолдау, жастардың денсаулығын сақтау және әлеуметтік мәселелерді жүйелі түрде шешу бағытындағы жұмыстардың сапасы мен тиімділігін бағалау болып табылады. Жұмыс тобы екі күндік сапар аясында Түркістан қаласы, Кентау қаласы мен Сайрам, Сауран және Төлеби аудандарындағы Отбасын қолдау орталықтары мен Жастар денсаулық орталықтарына мониторинг жүргізеді.

Мониторинг жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін, әр аудан мен қаланың әкімдерінің өкімімен Отбасын қолдау орталықтары жанынан 1 жылдық мерзімге мобильдік топтар құрылды. Жалпы облыс бойынша құрылған мобильдік топтардың құрамына 4 997 адам енгізілді. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардан 613, ішкі істер органдарынан 674, білім саласынан 2 743, денсаулық сақтау саласынан 967 адам бар. Барлық мүшелердің 4 693-і немесе 94% семинарларда оқытылып, біліктілігі арттырылып, жүйеге тіркелді. Бұл көрсеткіш облыс деңгейінде әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту және халыққа қолжетімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралардың нақты нәтижесі болып отыр.

Мониторинг жұмыстарының әлеуметтік мәні – өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға қолдау көрсету жүйесін жетілдіру, балалар мен жастардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді алдын ала анықтап, жедел шешу болып табылады. Жұмыс тобы өз кезегінде орталықтардың қызмет көрсету деңгейін, ақпараттық қолдауды, цифрлық платформаның тиімділігін бағалайды. Мониторинг нәтижелері негізінде өңірде әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жасалып, нақты шаралар қабылданатын болады.

 

Leave a reply