ҚАЗЫҒҰРТ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ «НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК» САЯСАТЫ ТУРАЛЫ КЕҢ КӨЛЕМДІ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

0
31

Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және кез келген құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында Қазығұрт ауданында «нөлдік төзімділік» қағидаты негізінде кешенді іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары және жергілікті қоғамдастықтардың тығыз ынтымақтастығымен жүзеге асырылып келеді. Мақсаты – құқық бұзушылыққа қоғамның бірыңғай қарсылығын қалыптастыру.

«Нөлдік төзімділік» – бұл тек құқық бұзған азаматқа жаза қолдану емес, сонымен қатар алдын алу, түсіндіру және қоғамда құқықтық жауапкершілік сезімін нығайту саясаты. Аталған бастама бойынша Қазығұрт ауданында бірқатар маңызды жиналыстар, акциялар мен түсіндіру жұмыстары атқарылды. 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қазығұрт ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бірнеше рет ведомствоаралық кеңес отырыстары өтті. Жиналыстарға аудан әкімі, аудандық прокуратура, полиция басқармасы, білім беру ұйымдарының өкілдері, ауыл әкімдері мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау шаралары, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтарды болдырмау, жол қауіпсіздігі мен көлік тәртібін бақылау, мектеп, колледж аумақтарында профилактикалық шараларды күшейту бағытындағы мәселелер талқыланды.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімі «нөлдік төзімділік» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру үшін тәулік бойы рейдтік шаралар, жаяу патрульдер мен бейнебақылау жүйелері арқылы қоғамдық тәртіпті қатаң қадағалауда. Ауыл әкімдіктерінің бастамасымен «Түнгі қаладағы балалар», «Маскүнемдікке жол жоқ», «Қауіпсіз мектеп» сияқты акциялар ұйымдастырылды. Бұл шаралар жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуымен өтті.

Сонымен қатар білім ұйымдарында да профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді. Аудандық білім бөлімі мен мектеп әкімшіліктері арасында бірлескен жоспарлар жасалып, оқушылар мен ата-аналарға арналған семинарлар, тәрбиелік сағаттар, құқықтық ақпараттық сабақтар өткізілді. «Заң және мен» атты ашық сабақтар, жасөспірімдермен «полиция сағаты», «Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақтың кепілі» атты ата-аналар жиналысы сынды отырыстар жиі қолға алынбақ.

Жергілікті қоғамдық кеңестер мен белсенді азаматтар құқық бұзушылықтарға «мүлдем жол жоқ» деген ортақ ұстаныммен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді атсалысып келеді. Әлеуметтік желілерде, ауылдық жиындарда, мешіттер мен қоғамдық орындарда заңға бағынудың маңыздылығы кеңінен насихатталуда. Ауданда құқық бұзушылықтар саны өткен жылмен салыстырғанда төмендеген, жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық көрсеткіші азайған, және қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау деңгейі артқан. Болашақта бұл бағыттағы жұмыс ұдайы түрде жалғасып, «нөлдік төзімділік» қағидаты Қазығұрт ауданының тұрақты қоғамдық тәртібінің негізіне айналады деп күтілуде.

Қазығұрт ауданында құқық қорғау және арнайы органдарға деген сенімді арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Азаматтардың құқықтарын қорғау мен заң үстемдігін қамтамасыз етуде құқық қорғау және арнайы органдардың рөлі ерекше. Осы орайда Қазығұрт ауданында қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сенімді нығайту мақсатында бірқатар институционалдық және ақпараттық-насихаттық шаралар ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың қауіпсіздігіне деген сенімін арттыру басты назарда.

Қоғаммен байланыс, ашық диалог пен кері байланыс жұмыстары жүйелі атқарылып келеді. 2025 жылдың басынан бастап Қазығұрт ауданының полиция бөлімі мен прокуратурасы «Ашық есік күндері», қоғамдық қабылдаулар, жылжымалы қабылдау пункттері мен қоғам өкілдерімен кездесулер өткізуді дәстүрге айналдырды.

Мәселен, әр аптаның бейсенбісі күні аудандық полиция бөліміне тұрғындар тікелей сауалмен жүгіне алады, «Ауылдағы қабылдау» форматы бойынша шалғай елді мекендерде құқық қорғау органдарының басшылары тұрғындармен жүздесіп, олардың сұрақтарына нақты жауап береді, Әлеуметтік желіде @kazygurt_police парақшасы арқылы өтініштер мен шағымдарға жедел әрекет етілуде. Аталған форматтар халықпен сенімді диалог орнатуға, тұрғындардың көкейіндегі мәселелерге дер кезінде жауап беруге және құқық қорғау органдарының жұмысын ашық етуге бағытталған.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде ішкі бақылау, кәсіби этика және халықпен жұмыс жүргізу сапасын арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір қызметкерден сыпайылық, заңдылық және жауапкершілік талап етіледі. Құқық қорғау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша: Қызмет этикасы мен медиабайланыс бойынша семинарлар өтті. Конфликтология, стресс-менеджмент бағытында тренингтер ұйымдастырылды. Қызметкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынас мәдениеті қатаң бақылауға алынды.

Бұдан бөлек, ішкі істер органдары мен прокуратура қызметкерлері мектептер, колледждер, мешіттер мен мәдени ошақтарда жиі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, полиция мен халық арасындағы бейресми сенім көпірін қалыптастырады. Қоғамдық кеңес, ардагерлер ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, белсенді жастар – барлығы да құқық қорғау саласының ашықтығы мен әділдігін бақылауға үлес қосып келеді.

Биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қоғамдық бақылау тобы полиция бөлімшелеріне 15 рет мониторинг жүргізді. «Таза құқық қорғау қызметі» жобасы аясында тұрғындардың анонимді пікірлері мен ұсыныстары жинақталды. Сондай-ақ бірнеше ауылда сенім жәшіктері орнатылып, тұрғындардан нақты ұсыныстар мен шағымдар қабылданды.

Leave a reply