ҚАУІПСІЗ АУЫЛ – СЕНІМДІ ӨМІР. ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАҢА ЖОБА БАСТАЛДЫ

Аудан көлемінде жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, тұрғындардың 72%-ы құқық қорғау органдарына деген сенімнің артқанын атап өткен. Бұл – ашықтық, қолжетімділік және жауапкершілік принциптерінің нақты нәтижесіне сәйкес, аудан көлемінде «Қауіпсіз ауыл» жобасын іске қосу. Барлық ауылдық округтерде құқықтық кеңес беру бұрыштарын ашу. Құқық қорғау қызметкерлерінің тұрғындармен тікелей байланысын сандық технологиялар арқылы жетілдіру (чат-бот, мобильді қосымша сынды жұмыстар атқарымақ.
Жалпы «Қауіпсіз ауыл» жобасы – Қазақстан Республикасында құқықтық тәртіпті нығайту, ауылдық елді мекендерде қауіпсіз орта қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іске асырылып жатқан профилактикалық бағдарлама. Бұл жоба Ішкі істер министрлігі, жергілікті әкімдіктер, полиция департаменттері мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты ауыл тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету, құқықтық сауаттылықты арттыру, халық пен полиция арасындағы байланыс механизмін жетілдіру болып табылады.
Сондай-ақ бұл жобаның негізі міндеттеріне бейнебақылау жүйелерін орнату – ауылішілік қоғамдық орындарда (мектеп, дүкен, аялдама, ойын алаңы, әкімдік, мәдениет үйі, т.б.) камералар орнату арқылы құқық бұзушылықты бақылау. Учаскелік инспекторлардың жұмысын күшейту – нақты ауылға бекітілген полиция қызметкерінің жауапкершілігін арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қоғаммен кері байланыс құру – «сенім жәшіктері», мобильді қабылдаулар, әлеуметтік желіде белсенділік, тұрғындармен кездесулер. Қоғамдық профилактика – ауыл жастары мен тұрғындар арасында заңнаманы түсіндіру, мектептерде тәрбие сағаттарын өткізу, ардагерлер мен дін өкілдерін жұмылдыру. Ерікті жасақтарды тарту – ауылдың белсенді тұрғындарын, ардагерлер кеңесін, жастар ұйымдарын құқықтық тәртіпті сақтау ісіне тарту.
Жедел әрекет ету жүйесін енгізу – құқық бұзушылықтар туралы хабарлау үшін жедел байланыс арналары, QR-код жүйелері, байланыс нөмірлері тарату шаралары міндеттелген. Бұл бағытта Қазығұрт ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сонымен аудандағы құқық қорғау және арнайы органдардың жұмысы ашықтық, әділеттілік және халықпен кері байланыс ұстанымына негізделіп отыр. Қоғамдық сенім – бұл бір күнде орнайтын құндылық емес, ұдайы диалог, нақты нәтиже және жауапкершілік арқылы қалыптасатын жүйелі процесс. Аудан әкімдігі, құқық қорғау құрылымдары және жергілікті қоғамдастықтар ортақ мақсат – азаматтардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау жолында бірлесе әрекет етуді жалғастыра береді.
Бүгінде Қазығұрт ауданында «Қауіпсіз ауыл» жобасы іске қосылды. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ел тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі. Осы бағытта Қазығұрт ауданында «Қауіпсіз ауыл» атты жаңа жоба ресми түрде іске қосылды. Жобаның мақсаты – ауылдық елді мекендердегі құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру.
Игі бастама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі мен аудандық құқық қорғау құрылымдарының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаттары: Ауыл тұрғындары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту, ауыл ішіндегі бейнебақылау жүйелерін орнату, жергілікті полиция қызметінің жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыру, қоғамдық тәртіпті бірлесе қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, жоба аясында алдымен пилоттық ауылдық округтер анықталып, нақты жұмыстар басталды. Қазіргі уақытта бірнеше елді мекенге бейнебақылау камералары орнатылды. Түнгі рейдтер мен жаяу патрульдеу жұмыстары күшейтілді. Ауыл тұрғындары мен учаскелік инспекторлар арасында тікелей байланыс арналары құрылып, арнайы «Сенім жәшіктері» және мобильді құқықтық кеңес беру пункттері іске қосылды. «Қауіпсіз ауыл» жобасының басты ерекшелігі – халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді арттыру. Осы мақсатта құқық қорғау қызметкерлері ауыл тұрғындарымен тұрақты жеке кездесулер, жиналыстар, түсіндіру жұмыстары мен оқу сабақтарын өткізіп келеді.
Бұл тұрғыда мектеп оқушыларына арналған ашық сабақтар, ата-аналармен профилактикалық кеңес берулер, жасөспірімдермен жеке әңгімелесу жұмыстары жоба аясындағы маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Барлық ауылдарда бейнебақылау жүйесін кеңейту. QR-код арқылы құқық қорғау органдарына жедел шағым жолдау жүйесін енгізу. Жергілікті тұрғындарды ерікті жасақ ретінде тарту. Қауіпсіздік тақырыбындағы ақпараттық стендтер, жаднамалар мен бейнематериалдар әзірлеу көзделуде.
Сондай-ақ, ауданда «Қауіпсіз ауыл» жобасы – тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды қадам. Бұл жоба құқық қорғау органдарының халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, сенім мен әріптестікті жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Жоба нәтижесінде ауылдағы құқық бұзушылық көрсеткішін төмендетіп, тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әрі қауіпсіздік пен тыныштықты бірлесе сақтау жоспарланып отыр.











