ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДА АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

0
37

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар, алкоголь, темекінің, есірткінің зияны, лудомания, буллинг, ата-ананың бала тәрбиесіндегі, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершіліктері туралы дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, кездесулер тұрақты өтуде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы 3 айда жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 27,8 пайызға төмендеген. Жалпы облыс көлемінде кәмелетке толмағандардың ісі жөнінде және олардың құқықтарын қорғау бағытында ауқымды жиналыстар өтіп келеді.

Бұл бағытта Сайрам ауданында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында балалардың құқықтарының сақталуы, сабаққа қатысуы, әлеуметтік көмек және құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары баяндалды. Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

Осы тұста Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың арасындағы ерте жүктілік және өзін-өзіне қол жұмсау фактілері Зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жұмысшы топтар құрылған. Оған барлық аудан, қалалардың полиция тірек пункттерінің басшылары, білім бөлімінің басшылары, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері және облыстық уәкіл мен өкілдері енгізіліп, балалардың құқықтарын қорғау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар полиция бөлімінде есепте тұрған, өгей әке, өгей шешелермен тұратын «Жайсыз отбасы» есебіне алынған отбасыларда тәрбиеленіп отырған балаларға профилактикалық жұмыстар жүргізу, мектеп психологтарының жұмысын жетілдіру мәселелері қозғалды.

Айта кетейік, Түркістан облысында өңір басшысы кәмелеттік жасқа толмағандарды қолдау, құқығын қорғау бағытында кешенді жұмыстар атқарылып келеді. Өңірде 17 Отбасын қолдау орталығы ашылды. Үкімет тапсырмасына сәйкес «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» мекемесі құрылып, штаттық бірлігі 49,5-ке ұлғайтылды. Орталық ашылғалы бері 1 300 ата-анамен, 1 700 педагогпен және қиын жағдайға тап болған 130 баламен консультация өткізіліп, тиісті көмек берілді. Бүгінде облыста 1797 педагог-психолог бар. Өңірдің мектептеріндегі бала санына сәйкес 86 педагог-психологтың қажеттілігі анықталып, жаңа оқу жылынан бастап енгізу жөнінде тапсырма берілді.

Үкіметтік емес ұйымдар арқылы 1 327 педагог-психолог, 2 514 мектептегі тәрбиеге жауапты маман және 17 аудандағы әдіскерлер біліктілігін арттырған. 5-11 сыныптардың 259 588 оқушысынан психо-эмоционалдық жай-күйлерін, мазалап жүрген мәселелерін анықтау үшін анонимді әдісімен сауалнама алынып, көмекке мұқтаждарымен тиісті жұмыстар жүргізілген. Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша 1143 білім беру мекемесінің көрінетін орындарына 111 QR коды (кіреберістерде, сыныптарда, дәретхана, хол т.б) орналастырылып, қиын жағдайға тап болған кез-келген оқушы психологиялық жәрдем алуда. Осы жұмыстар нәтижесінде облыста 2024 жылы өзіне-өзі қол жұмсау дерегі 8-ге төмендесе, балалар қылмысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда салыстырғанда соңғы 4 айда 44-тен 35-ке төмендеген. Ерте жүктілік деректері де азайған. Балалардың қауіпсіздігін қорғау, жан-жақты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Сайрам ауданында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жиындары ұдайы жалғасып, онда балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез‑құлықтың алдын алу, психологиялық және медициналық қызметтер көрсетуді күшейту, отбасылық психотерапияны дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, «Жасөспірім және заң» атты форум ата-аналарға арналған арнайы кездесу өтті. Оған аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшылары, құқық қорғау органдары, білім қызметкерлері және ата-аналар мен жастар қатысты. Жиында жасөспірімдердегі құқық бұзушылықтар, оқыс оқиғалар, ерте әрі «жүктілік», суицидтің алдын алу, психологиялық ахуал — барлығы қамтылды. Сондай-ақ бала тәрбиесіндегі ата-ананың, мектеп қызметкерлерінің, білім бөлімінің рөлі мен жауапкершілігі айқындалды.

Осы салаға қосымша ретінде, Сайрам ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өткізіліп, оған құқық қорғау органдары, білім бөлімі, жастар ресурстық орталығы және БАҚ қатысқан. Бұл шара жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру мақсатында ұйымдастырылғандығы белгілі.

Сайрам ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған жиындар мен іс-шаралар жақсы жолға қойылған. Олар: Ведомствоаралық комиссия отырысы — құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алуға бағытталған ресми шара. Ата-аналармен кездесу — тәрбиелік, құқықтық-нұсқаулықтық мақсаттағы шара. Жастар форумдары — құқықтық түсіндіру мен сауаттылықты арттыруға арналған диалог түріндегі іс-шаралар болып табылады.

Leave a reply