Saturday, November 23

ШЫМКЕНТТЕ КҮРЕЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

0
233

Шымкентте қазір ұзындығы 21,9 шақырым болған 9 күрежолда орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Осындай магистральды жолдың бірі – Республика даңғылы. Қазір мұнда Республика жаяу жүргінші жолы, веложол, арық және құбырын өткізу жұмыстары атқарылуда. Құрылысқа жауапты мердігер – «Корпорация Береке-А» ЖШС. Сонымен қатар қалада бірқатар көшеге орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Олар: Рысқұлов, Момышұлы, Тәшенов көшелері.

Қаладағы Жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының мәліметінше, биыл магистральды жол саналатын Иляев, Шаяхметов, Ақназар хан, Клара Цеткин көшелеріне де орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Ал Бәйтереков көшесінде «Профиленд» ЖШС тарапынан аяқжол мен веложол салу жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ, қалада жүргізіліп жатқан құрылыстың бірі – Шымкент-Ташкент бағытындағы Оңтүстік айналма жолы. Мерзімі 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Құрылыстың бас мердігері – «Корпорация Береке-А» ЖШС. Жол-құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Қазіргі таңда көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда.

Жалпы биыл Шымкентте барлығы 128 нысанда жол құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның жалпы ұзындығы – 253 шақырым. Оның ішінде жалпы ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 12 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілсе, қайта құру жұмыстары 8 шақырымдық 3 жолда жүргізілуде. Мұнан бөлек қазір 4 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның жалпы ұзындығы – 49 шақырым. Жалпы ұзындығы 138 шақырымды құрайтын 109 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Leave a reply