ФИДЕ ПРЕЗИДЕНТІ: ШЫМКЕНТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАХМАТ АСТАНАСЫ

0
109

Халықаралық Шахмат Федерациясының президенті (ФИДЕ) Аркадий Дворкович Шымкент қаласына арнайы сәлемхат жолдады.

Федерация президенті Шымкентте өткен 8 -18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына ыстық ықыласын жолдаған.

«Биылғы турнир Сіздерде өтіп, шахматтан жаңа жас таланттарды анықтағанына сенімдімін және Шымкент – елдің шахмат астаналарының бірі атануға құқылы екенін тағы да дәлелдеді» ,- деп атап өткен хатта.

Сондай-ақ, ФИДЕ президенті жарысты өткізгені үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке және чемпионаттың демеушілеріне алғысын білдірген.

Шілде айының соңында Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Ең үздік ойыншылар іріктеуден өтіп, шахматтың классика, рапид және блиц түрлерінен жеңімпаздар анықталды.  Алғаш рет Шымкент қаласында ұйымдастырылған ел біріншілігінің мақсаты — «Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» брендін қалыптастыру болатын.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған ұлттық біріншілік Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, аса жауапкершілікпен жүзеге асырылды. Іріктеу сынынан сүрінбей өткен жасөспірімдер  енді еліміздің намысын әлем  және Азия чемпионатында қорғайтын болады.

Leave a reply