БЕЙ-БЕРЕКЕТ ҚОҚЫС АЛАҢДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

0
109

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елімізде экологиялық жағдайды жақсарту үшін «Таза қала», «Таза – Қазақстан» сияқты акцияларды ұйымдастырумен бірге жергілікті әкімдіктердің тазалыққа жауапты мекемелермен бірге тұрғындарды да жұмылдыруына кеңес берген еді.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ жүзеге асыратын ғарыш мониторингінің қорытындысына сәйкес, Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында бей-берекет қоқыс үйінділерінің 20 кординаттық нүктелері анықталған болатын.

Аталған қоқыс үйінділері ауданда шалғай орналасқан елдімекен аумақтарында жиі кездесуде. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 15-29 шілде аралығында бей-берекет қоқыс алаңдарын жою бойынша іс-шара ұйымдастырылды. Оған 8 арнайы техника, 15 ауыр жүк көліктері мен 40-қа жуық жұмыс күші жұмылдырылып, 350 тонна қоқыс арнайы полигонға шығарылды.

Қала тазалығы – баршаға ортақ. Алайда кейбір қала тұрғындары құрылыс және қатты тұрмыстық қалдықтарды белігенбеген орындарға тастап, қоршаған ортаның тазалығына немқұрайдылық танытуда.

Белгіленбеген орындарға қоқыс тастау Қазақстан Республикасының Әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауапкершіліктерге тартылады. Яғни бұл құқық бұзушылыққа жататын әрекет. Сондықтан да, қоршаған ортаға жанашырлық танытып, қала тазалығына бірге атсалысайық.

Leave a reply