ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУҒА МЕДИАЦИЯ ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

0
121

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында азаматтарымыздың құқықтарын қорғауда құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, реформа жасау мәселесін көтергені белгілі.

Сот жұмысына қатысты азаматтардың ісін жеңілдету, уақытын үнемдеу және араздасқан соттасушыларды ұлттық дәстүрге сай татуластырып, бітімге келтіруді жүзеге асыратын медиаторлардың жұмысы заңдастырылып, он жыл бұрын Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы күшіне енген болатын. Яғни, бүгін Медиация күні!

Осы мерекеге орай, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің мүшелерімен және кәсіби медиаторлармен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта кездесу өткізілді.

Сондай-ақ мұндай онлайн форматтағы кездесу еліміздің басқа өңірлерінде де ұйымдастырылып, оған қаламыздың медиаторлары да қатысты. Кездесу барысында мерекелік құттықтаулар жолданып, алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарлары талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, осы мереке қарсаңында «Бірлігі бекем ел» телебағдарламасы аясында қаламыздағы медиациялық орталықтардың жұмысы туралы «Ұлтаралық келісім – тұрақтылық негізі» айдарымен «Ontustik» телеарнасынан көрермен назарына ұсынылған болатын. Онда шымкенттік медиаторлардың қоғамдық келісімді, ұлтаралық бірлікті, азаматтардың арасындағы түсіністік пен татулықты нығайтуда атқаратын, атқарып та келе жатқан жұмысының мол екендігі айтылды.

Қоғамдық келісім болса мемлекет те қарқынды дамиды, азаматтарымыздың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы да жақсарады.

Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Этнос өкілдері қаланың әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Leave a reply