АНА МЕН БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

0
128

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің онлайн режиміндегі отырысы өтті.

Жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов, партия филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова және кеңес мүшелері қатысты.

Отырысты аталған кеңестің төрайымы Гүлайым Шунгараева ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының ағымдағы жылдың 7-айында орындалуы қаралды.

Соған сәйкес қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова баяндама жасады. Басқарма басшысы отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында басқармаға қарасты «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» КММ-сі жұмыс істейтінін айтты. Аталған орталық келесідей бағыттар бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам саудасы мен терроризм құрбандарына ұшыраған азаматтарға көмек көрсету. Сонымен қатар, көп балалы аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау, оларға бағыт беру мақсатында ашылған «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау бөлімі тағы бар. «Самғау сенім орталығы» 70 орынға лайықталған.

Осы деректерді алға тартқан Б. Нарбекова «2020 жылы жалпы орталықтан тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны ретінде 381 адам қызмет алған. Бүгінге дейін орталықтан қызмет алғандар саны 122 адамға жеткен. Оның ішінде жатын орынмен қамтылғандар 38 ана, 84 бала, ал күндізгі жартылай стационарлы қызмет алғандар саны 52 адам. Ал онлайн кеңес алғандар саны 96-ға жетеді»,-деді.

Жиынды қорытындылау кезінде Г. Шунгараева қалалық сайлауалды бағдарламаларды іске асырудың Жол картасын орындау әрқашан партия филиалының басты назарында екенін атап өтті.

Leave a reply