ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ КОРОНАВИРУСТАН ӨЗ БЕТІНШЕ ЕМДЕЛМЕУГЕ ШАҚЫРДЫ
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан тұрғындарды коронавирустан өз бетінше емделмеуге шақырып, дер кезінде дәрігерлерге хабарласу керектігін айтты.
– Айналаңызға айтыңызшы, тұмау сияқты басталатын кез келген ауру белгілерін байқаса, емханаға немесе жедел жәрдемге хабарлассын. Ауруханаға қатаң түсіп жатқандардың барлығы да қайдағы бір қолы бос дәрігерлерден “назначение” алып, процедуралық кабиеттерде ем алып жатқандар. Процедуралық кабиеттерге жоламасын. Адамдар система салып, антибиотик алып, жағдайды қиындатып алып жатыр. Әсіресе, Шымкентте. Қазір ковидтің нақты протоколы бар. Дер кезінде ем бастаса, тез жазылып кетіп жатыр. Ауыра қалсаңыз, 103-ке хабарласыңыз! – деді Шыңғыс Мұқан.
Халықтың екпеге деген енжарлығы да дерттің дендеуіне себеп болып отыр. Осыған дейін қалада вакцина алуы тиіс тұрғындардың 62 пайыздан астамы екпе қабылдаған. Бір тәулік ішінде қалада 3250 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 368 443 адам вакцинацияланған. Оның ішінде 273 625 адам вакцинаның екі компонентін алыпты.
Айта кетейік, бүгінгі күні қалада 211 мобильді топ жұмыс істеуде.