ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҒЫ ҮЙІРМЕ ЖӘНЕ СЕКЦИЯҒА ҚАТЫСАДЫ
Шымкентте қалалық жастар ресурстық орталығы жүргізген сауалнаманың қорытындысына сүйенсек, жастардың 76,9% түрлі үйірме және секцияға барып, спортпен айналысады екен.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жастарға біраз серпін беріп жатырмыз. «Үздік жастар премиясы» он жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Биыл сол салтанатты іс-шараны өзгеше форматта ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Өткізілген құжат комиссияның сүзгісінен өтіп қоя салмайды. Екі жақтың да пікірі ескерілу үшін қатысушылар әлеуметтік желі арқылы дауыс жинайды. Жастарға арналған жоба көп. Қазіргі күні жоспарланған жоба саны – 17. Соның бірі – «Шымкент жастар лигасы» Қазақстанда алғаш рет біздің қаламызда ұйымдастырылды. Қыркүйек айында лиганы университет пен колледж арасында өткізуді жоспарлап отырмыз, — қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев.
Еске сала кетейік, бүгінгі таңда қала тұрғындарының саны 1 090 200 адамға жетті. Олардың ішінде жастардың үлесі жалпы халық санының 22,2%-ын құрайды. Яғни үшінші мегаполисте 239 443 жас бар.