ШЫМКЕНТТЕ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

0
107

Шымкентте өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында өсу динамикасын байқауға болады. Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, фармацевтика өнеркәсібі 66,1%-ға, тамақ өнеркәсібі 18,4%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 10,3%-ға, металлургия 2,6%-ға өскен. ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 366,9 млрд. теңгеге 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орны мен 45 жоба 5 жылдыққа іске асады. Оның ішінде бүгінгі таңда 22 жоба іске қосылып, 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылған.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бір жылда өнеркәсіп өнімінің көлемін 710 млрд. теңгеге жеткізуді межелеп отыр. Ал, өнеркәсіп саласының басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемін 623 млрд. теңгеге немесе 2020 жылға қарағанда 102,0 пайызға арттыру жоспарда бар.

Бұл орайда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Шымкент қаласы әкімдігі арасындағы түзілген меморандумға сәйкес 2021 жылға жоспарланған негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 315 млрд. теңгені құрайды.

Leave a reply