ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТӨЛЕМ КАРТАСЫНДА ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ
Еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші қалаға қыдырып келуші азаматтарға жаңа «Tolem Tourist» картасы әзірленуде. Аталған пилоттық жоба аясында қаладағы туристік нысандардың қызметін бірыңғай жүйеге енгізіп, туристерге дайын жол картасы ұсынылмақ.
–Қазіргі таңда картаға енгізілетін кәсіпкерлік нысандғнарымен келіссөздер жүргізілуде. Туристерге арналған картаның кәдімгі Төлемнен айырмашылығы бар. Яи, туристерге арналған төлемде қаладағы кафе, ресторан, театрлар, тарихи орындарға барғанда жеңілдіктер қарастырылады. Бір айта кетерлігі ол картаның жарамдылық мерзімі шектеулі болады. Мұндағы басты мақсат туристік қызмет көрсететін мекемелерді бірыңғай жүйеге біріктіру арқылы сервистік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, — деп атап өтті «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының менеджер-кеңесшісі Г.Бекмұратова.
Айта кетейік, Шымкентте туристерге қажетті ақпарат беретін арнайы киоскілер жұмыс істейді. Олар – Арбат, Тәуелсіздік саябағы, Орталық саябақ, теміржол вокзалы, аэропаортта орналасқан. Шымкентке соңғы бес айдың ішінде 5476 адамға ақпараттық- анықтамалық қызмет көрсетілген.