ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА «ASHYQ» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ КӨП

0
108

Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 470 жағдай тіркелді. Оның 329 симптомды, 141 симптомсыз. 163 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 307 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 1674 адам ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 2601 адам вакцина алды (I компонент-1201, II компонент-1400). Егу науқаны басталғалы барлығы 341 106 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 213 563 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Десе де, жағдай алдыңғыдай емес, жергілікті кәсіпкерлер сақтық шараларын сақтап жұмыс істеуіне рұқсат. Осы орайда «Ashyq» мобильді қосымшасының септігі тиюде. Өйткені тұрғындардың індет жұқтырғанын анықтайтын бірден-бір көмекші болып отыр. «Ashyq» мобильді қосымшасының кәсіпкерлерге тигізер пайдасы көп болып отыр. Біріншіден, адамдар өздерінің денсаулығын қадағалайды. Екіншіден, айналасында ауру адам бар не жоғын біле алады.

«Ашық» жобасына қатысуға ниетті кәсіпкерлер «info.kazakhstan» сайты арқылы өтініш береді. Сонан соң, оларға арнайы QR код беріледі. Сәйкесінше әр кәсіпкерлік нысанның кіреберісіне QR код жүйесі орнатылады. Келушілер мобильді қосымшаны алдымен телефонға жүктеп, нөмірі бойынша тіркелуі тиіс. Кейін QR-кодты сканерлеп, ЖСН нөмірін енгізеді. Сол кезде 4 түстің біреуі жанады.

Айта кетейік, аталған індеттің қаупі сейілген жоқ. Бұл ретте медицина мамандары карантин режиміне сәйкес санитариялық-эпедемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтау қажеттігін ескертеді.

Leave a reply