ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЭТИЛЕНДІ ҚҰБЫР ӨНДІРІСІ ДАМУДА

0
111

«ЮгПласт» ЖШС — 2012  жылы полиэтиленді құбыр өндірісін бастаған зауыттардың бірі. Мұнда құбырдың су, газбен жабдықтау, кәріз жүйесіне арналған түрлері шығарылады.

Кәсіпорында орнатылған құрылғылардың көмегімен жылына 8 мың тонна өнім дайындалады. Жылдық айналымы 2 млрд теңге. Кооператив тоғыз жылдан бері сауда нарығында қызмет етіп келеді. Мекеме басшысы қажетті шикізатты Ресей мен Ираннан  әкеледі.  Ал тауарға тапсырыс берушілердің басымы – Түркістан, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларының құрылыс компаниялары.

Аталған зауыт «Жол картасы – 2020» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларының қолдауымен  жүзеге асырырылған. Бүгінде өндіріс ошағының өнімдері тұтынушының бар талабына сай. Әрі бағасы да қолжетімді. Зауыт басшысы  тауардың санына емес, сапасына аса көңіл бөледі. Сондықтан болар  өнімге берілетін кепілдік мерзімі – 50 жыл. Яғни ұзақ уақытқа жарамды.

Айта кетейік, Шымкентте үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығында 89 млрд. теңгеге 63 кәсіпорын бой көтерген. Соның нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Ал екінші бесжылдықта 97,4 млрд. теңгеге 41 жоба қолдау тауып, соның арқасында 2,5 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 2020-2021 жылдар кезеңінде 414,3 млрд. теңгеге 90 жоба жүзеге асып, 7,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған.

Leave a reply