ШЫМКЕНТТЕГІ ТЕМІР-БЕТОН ЗАУЫТЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРҚЫН БЕРДІ

0
123

Шымкент қаласында «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан темір-бетон бұйымдарының 120-дан астам түрлерін шығаратын зауыт бар. Өнімі жоғары сапасымен ерекшеленеді. Кәсіпорында, бүгінде күрделілігі мен геометриясы әртүрлі стандартты емес құрылыс материалдары өндіріледі.

«Әділет құрылыс LTD» серіктестігінің негізі 2011 жылдың күзінде Елбасы қолдауымен қаланған. Зауыт аумағы 7 Гектар жерді алып жатыр.  Жылдық қуаттылығы 20-25 мың куб бетон. Өндіріс ошағындағы техникалардың барлығы шетелдік. Арнайы тапсырыспен Испаниядан әкелінген.  Әрқайсысы 15 өнім түрін шығаруға қауқарлы. Бір қуанарлығы кәсіпорындағы қондырғыларда жергілікті халық жұмыс істейді.

Кәсіпорыннан 150-ге жуық адам азамат нәпақасын айырып отыр. Жұмыс уақыты 2 ауысымға бөлінген. Зауыт басшысы жұмысшыларға ыңғайлы жағдай жасаған.   Жоғары жалақы, жатын орын, уақытылы берілетін 3 мезгіл тамақ.

Өндіріс процесі зертхананың қатаң бақылауында. Темірбетон бұйымдарының әр компоненті алдын-ала сынаудан өтеді. Осылайша, өндіріс ошағына тек жоғары сапалы шикізат таңдалады. Қажетті шикізат Оңтүстік өңір мен Ресейдан жетеді.  Шығарылған өнімнің 70%-ы Тараз, Шымкент, Қызылорда, Астана және Алматы қалаларына тасымалданады. Зауыт басшылығы алдағы уақытта нарыққа жаңа өнім түрін ұсынуды көздеп отыр. Сондай-ақ жұмыс орындарын көбейтіп, жылдық қуаттылығын арттырмақ.

Су өткізу құбырлары, темірбетон қадалар, тіректер, портал қабырғалары, жиектестар, қоршау және бетон блоктарының барлығы да осы жерден шығады.  Бағасы да қолжетімді. Темірбетон бұйымдарын өндіру үшін компания беріктік пен жоғары сапалы өнімге кепілдік беретін арнайы қоспаларыларды тұтынады.

Айта кетейік, бұл кәсіпорын өңірдегі электрлендіру, сумен жабдықтау, құрылыстар мен автожолдар салу үшін пайданылатын құрылыс заттарын өндіретін жалғыз зауыт.

Leave a reply