12 МЫҢНАН АСТАМ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫҒА ДӘРІ ҚОБДИШАЛАРЫ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

0
119

Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясының алдын алу аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары 15 шілдеден бастап таратыла бастады.
Бүгінгі таңда 12 430 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы дәрі қобдишаларын алды. Жалпы қалада атаулы әлеуметтік көмекті алатын 30 мыңнан астам отбасы бар.
Осы орайда бүгін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қаладағы төрт аудандық дәрілік қобдишаларды тарату нүктелеріне барып, іс-шараның атқарылу барысымен танысты.
Айта кетсек, дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді. Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.
Шымкент қаласы бойынша қобдишалар «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде таратылуда. Тарату мекенжайлары келесідей:
✅Еңбекші ауданы, Жібек жолы 58, «Кабиско» аялдамасы, «Gramad Hypermarket».
✅Абай ауданы, Темірлан тас жолы 129, «Бекжан» автовокзалы;
✅Қаратау ауданы, Қайтпас 1 ш/а Көшеров көшесі 10 үй, «Береке» дүкенінің жанында және Нұрсат ш/а Арғынбеков көшесі 124, Шахан-2, «Gramad supermarket»;
✅Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі 3, «Айгүл» аялдамасы, «Gramad» СҮ.

Leave a reply