ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

0
102

Үшінші мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты тағы инфекциялық стационар ашылды. Қалалық психикалық денсаулық орталығында ашылған бұл стационар 100 орынға лайықталған. Мұнда коронавирирус инфекциясы мен пневмонияның орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алуда.

Қосымша ашылған стационарда инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеу үшін орталықта дәрі қоры мен қажетті медициналық құрылғылар жеткілікті. Сондай-ақ мекемедегі медицина мамандары арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін арттырған. Дәл қазір мұнда инфекцияға шалдыққан 19 науқас ем алып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін шаhарда №1 қалалық клиникалық ауруханасы жанынан 100 орынға арналған инфекциялық стационар ашылған еді. Яғни, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне орай жасақталған бұл стационар жүкті әйелдерге арналған. Бұл резервтік стационарда реанимациялық төсек орындар мен науқастарды емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда дәрігерлер ковид ауруының орташа және ауыр ағымы бар науқастарды емдейді.

Leave a reply