АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ САПАСЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

0
130

«Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторингтік топпен бірлесе отырып, аудан көлемінде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйлердің сапасына бір реттік зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркөз Жаңабаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Жадыра Таңатарова, Шымкент қалалық арнайы мониториг топтың жетекшісі Әсет Әссанди бастаған комиссия мүшелері Шымкент қаласының ӘІО-дағы 9 қабатты 56 пәтерлі (бас мердігер – «Корпорация АҚ Ордасы» ЖШС-і) және «Тұран» ықшам ауданында 16 қабатты (бас мердігер – «Отау-Строй» ЖШС-і) тұрғын үйлердің тұрғындардың пайдалануына дайындық деңгейі мен құрылысының сапасымен танысып, тиісті ұсыныстар жасалып, сын-ескертпелер айтылды.

Айта кетейік, аталмыш тұрғын үйлер осы жылдың желтоқсан айында тапсырылуы тиіс.

Қазіргі таңда қалада жеке салушылар есебінен 8 639 пәтерлі 178, бюджет есебінен 5 912 пәтерлі 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен несиелік бағытта баспана алуды көздеген азаматтар қатары көбеюде. Бүгінгі таңда банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау туралы хаты негізінде тұрғын үй сертификатын иеленген азамттар саны 30-ға жетті.

Әзірге тұрғын үй сертификатының талаптары мен шарттарына сәйкес келген қала тұрғындарының басым көпшілігі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Бақытты отбасы» несиелік бағытының қатысушылары. Қазіргі таңда www.kezekte.kz интернет порталы арқылы жалпы саны 336 азаматтан тұрғын үй сертификатына өтінім келіп түскен. Оның ішінде 268 өтінім бойынша тұрғын үй сертификатын берудің жалпы талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуі себепті бас тартылған.

Leave a reply