САУРАН АУДАНЫНДА 5 ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ

0
144
Сауран ауданында әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарлары бағасының 2022 жылғы қаңтар айында қалыптасқан ахуалы және бағаны ұстап тұру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданында жұмысшы топ құрылып, бір қатар азық-түлік дүкендер мен супермаркет иелеріне бағаларды және келісім-шарттарды реттеу қажеттілігі жөнінде жазбаша нұсқамалар берілді.
 Қазіргі Сауран ауданында 5 тауардың қарақұмық, айран, сүзбе, картоп, құмшекер бағасы төмендеді. Ал, нан, күнбағыс майы, жұмыртқа, сиыр еті, қырыққабат, тауық еті, күріш, тұз, пияз, сары май, рожки, сәбіз бағалары соңғы 3 ай көлемінде тұрақты.
Сауран ауданының әкімдігі қызметкерлері аудандағы дүкендерді аралап, бағаның шектен тыс өспеуін қадағалап, бақылауда ұстауда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сауда қызметін атқарып отырған кәсіпкерлеге 15%-дан жоғары сауда үстеме мөлшерін белгілеген жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық заңының 204-3 және 204-4 бабына сәйкес айыппұл салынатындығы жөнінде арнайы ескертпе хаттары қолма қол жеткізіліп берілуде.

Leave a reply