Белгілі боксшы жекпе-жек кезінде қарсыласының құлағын тістеп алды

0
123

Пуэрто-Рико елінде дүниеге келген, бірақ АҚШ намысын қорғайтын суперорта салмақтағы Эдгар Берланга (20-0, 16 KO) өткен демалыста тәжірибелі Роамера Ангулоны (27-3, 23 KO) жеңді. Кездесудің жетінші раундында Берланга қарсыласының құлағын тістеп алуға тырысты. Бұл туралы Infonews.kz сайты vRINGe.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айқастан кейін америкалық боксшы бұл жағдайды әзілге айналдырғысы келген еді. Алайда менеджері немесе промоутерінен ұрыс естіген секілді. Кейінірек Берланга әлеуметтік желіде осы әрекеті үшін кешірім сұрады.

“Менің әрекетім дұрыс болмады. Бұл ісім үшін тек мен жауаптымын. Алдағы уақытта осындай сәттер болса ақылға салып әрекет етемін. Осы қылығым үшін кешірім сұрағым келеді”, – деді боксшы.

Сондай-ақ, ол осы әрекетімен өзіне, командасына және промоутеріне зиян келтіргенін айтты.

Leave a reply