Қазақстандық спортшы Головкин – “Канело” айқасы туралы ойын айтты
Аралас жекпе-жек шебері Артем Резников айқастарда спортшының атағына байланысты басымдық беріп жіберу жиі кездесетінін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
“События в мире бокса и ММА” арнасына берген сұхбатында қазақстандық спортшы Головкин – “Канело” айқасы туралы ойын айтты.
– “Канело” – Бивол жекпе-жегін алайық. Бәрінің айтқаны: “Канело” жеңді. Бивол жеңді деп ешкім айтпас еді. Мұндай сирек. Неге? Өйткені “Канело” – атақты боксшы, ал Бивол – ондай емес еді. Көпшілік спортшының дағдысына қарай емес, атағына байланысты шешім шығарады. Аты белгілі болса, демек мықты деп ойлайды. Олай емес қой.
– Альваресті төрешілер барынша көтермеледі…
– Бір-екі раунд артықшылық берді, бұл күлкілі ғой.
– Ал Головкин Альваресті жеңді ме?
– Біріншісінде, иә, анық жеңді. Екіншісін айта алмаймын.
– “Канеломен” үшінші айқаста Головкиннің жасы өз әсерін тигізе ме?
– 40 жас өзінікін бәрібір алады, дегенмен, Геннадий бұл жолы жеңсе, тарихқа атын жазып кетеді.
– Нокаут болса ғана жеңе ме?
– Жоқ, оның тыныс алуы жақсы. Кейінгі айқасында ол соңына қарай шабуылын үдете түсті. Функционалы жақсы, ұпай санымен де жеңе алады.
– Төрешілер бере ме екен?
– Төрешілер бермей қою ықтимал, иә.