«3 млрд теңге сұрады» – ҚШФ Президенті шахматшыны ақша сұрау үшін пайдаланған

0
121

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Instagram парақшасында, Қазақстан шахмат Федерациясы делегациясының құрамына кіргенін айтқан еді. Содан соң шахматшы қыз Аида Балаевамен кездесу барысында Қазақстан шахмат федерациясы президенті мен вице-президенті өзін мемлекеттен ақша сұрау үшін пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

Оның айтуынша, Олимпиадаға орай барлық шахматшыларды министрмен кездесуге апара жатыр деп ойлаған. Бірақ шын мәнінде Дәрмен Сәдуақасов пен Ғалым Құсайынов ҚШФ бюрократтары үшін 3 миллиард теңге сұрау үшін алып келген екен.

– «Осы ұятсыз көріністің қатысушысы болғаным үшін қатты ыңғайсыздандым. Бұл оқиға – ел президенті алдына барғанда ҚШФ басшылығы қоятын көріністің басты дайындығы», – дейді Асаубаева.

– «Мен бұлай болғаны үшін кешірім сұраймын. Мен спортшымын және спортшы болып қалғым келеді. Мен чемпиондардан қайыршылар жасауға тырысатын адамдарды, Федерацияның Президенті мен вице-президентін мойындаудан бас тартамын. Мен Қазақстан құрамасының мүшесі, шахматтан әлем чемпионы ретінде федерацияға 3 миллиард теңге қажет емес екенін мәлімдеймін», – деп сөзін түйіндеді шахматшы қыз.

Leave a reply