Келес ауданында кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейе түспек

0
116

Биыл Келес ауданында Сарыағаш «QZ» ЖШС-нің ет және шұжық өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады. Жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында іске асырылмақ. Зауыттың жалпы құны 350 млн теңге, онда 100 адам жұмыспен қамтылмақ. «Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 62 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,8 млрд теңгеге артқан. Өңірде озық технологияны қолдана отырып, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу бойынша 316 жоба іске асырылды. Аймақта жалпы – 121 мың тонна бақша және көкөніс өнімдері алынып, облыстағы үздік көрсеткішті көрсетті»-деді аудан әкімі Ақментай Үсенұлы.

Биылғы жылы аудан бюджетінің есебінен 133 млн теңгеге 101 шақырымды құрайтын каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілмек. Нәтижесінде 217 гектар жер қайта айналымға түспек.

Сонымен қатар ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 89,6 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15,2 млрд теңгеге немесе 120,4%-ға артқан. Оның ішінде, ауылшаруашылығы саласының үлесі 69,4%-ды құрап отыр. 2022 жылы жалпы өндірілген өнім көлемін 95,1 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған.

Инвестицияға келсек ауданға барлығы 13,1 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 543,5 млн теңгеге немесе 104,3%-ға өске. 2022 жылға 13,7 млрд теңгеге жеткізу межеленуде.

Аудан әкімінің айтуынша «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде, кәсіпкерлікті қолдау картасына 2021 жылға 1 жоба іске қосылған болса, 2022 жылға 1 жоба ұсынылды. Жобаның жалпы құны 350,0 млн теңгені құрап, 100 азамат жаңа жұмыс орындарымен қамтылатын болады. Ал, ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім көлемі 62,2 млрд теңгені құрап өткен жылмен салыстырғанда 123,4 пайызға немесе 11,8 млрд теңгеге артқан.

Егін шаруашылығы бойынша егіс көлемі 24,5 мың гектарға кеңейтіліп, 187 гектарға көбейген. Көкөніс, картоп және бақша дақылдарынан жалпы 384,9 мың тоннаға немесе 104,6 пайызға өскен Астық 26,3 мың тоннаға немесе 96,3 пайызға төмендеп отыр Ауданда алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, 1 алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 316 жоба өз жұмысын бастап, 121,0 мың тонна бақша және көкөніс өнімдері өндіріліп дихандар табыстары еселіп, 2021 жылы Түркістан облысы көлемінде көш бастады.

Ирригация жүйесі жайында айтсақ ауданда 2021 жылы екі елдің келіссөздер жүргізу арқасында Өзбекстан Республикасының Бозсу өзенінен бастау алатын Солтүстік Ташкент каналының (СТК) аудан аумағындағы Жүзімдік, Бірлесу, Ақтөбе ауылдық округтерінің 19,2 шақырым бөлігі механикалық тазалаудан өткізілуде. Нәтижесінде 1500 га жер қайта айналымға түсетін болса, 2922 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсаратын болады.

2022 жылға аудан бюджет есебінен 133,9 млн теңгеге ұзындығы 101,2 шақырым болатын каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 217 га жер қайта айналымға түсетін болса, 9569 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсаратын болады. Одан бөлек, 2022 жылға 8 жоба іске асырылуы жоспарланып, 403 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Табиғи газбен қамту бойынша Келес ауданында 83 елді мекеннің 50 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Қамтылу пайызы 64,9%, қамтылған халық саны 116 550 халық санына шаққанда 80,1%-ға жетті

2021 жылы 9 елді мекеннің атап айтқанда Қошқарата а/о, Алғабас, Аманжар, Бәйтерек, Бесауыл, Жамбыл-1, Жамбыл-2, Жаңақоныс, Қарабура, Мақташы, Ұшқын елді мекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 811,9 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталған.            10 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. 8 елді мекенді табиғи газбен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, жалпы құны 699,5 млн теңгені құрайтын Абай ауылындағы «Абай» АГТС құрылыс жұмыстары аяқталды. Газ қысымының қуаты 3200 м3-тан 30 000 м3-қа артып отыр. Абонент саны 3685. Газ қысымының артуына байланысты, алдағы уақытта жақын орналасқан Ұшқын а/о, Қоралас және Достық елді мекендерін табиғи газбен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің қолдауымен аудандағы газ саласы бойынша өзекті мәселе болып жүрген 22 елді мекендегі газ құбырларын ауданның коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншігіне өткізу жұмыстары қолға алынып, қазіргі таңда 16 елді мекеннің газ құбырлары өткізілген болса, 6 елді мекеннің газ құбырларын өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 471,3 шақырым. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның теңгеріміне өткізу арқылы мүлік салығы салынып, жергілікті бюджет көлемі ұлғайтылатынмақ.

Ауыз сумен аудандағы барлық 83 елді мекен құбыр суымен қамтылғаны 57 елді мекен немесе 75,0 пайызды құрады.

2021 жылы 14 елді мекенде ауыз су құрылысының жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда, 9 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған болса, 5 елді мекеннің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады. Нәтижесінде, қамтылу пайызы 81,6%-ды құрайтын болады.

Сапалы электр қуатымен ауданда бүгінгі күнге 59 елді мекен қамтылып, қамту үлесі 61,4 пайызға жетті. Ағымдағы жылы 5 елді мекенде сапалы электр қуатымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан 2021 жылы 38,7 шақырым электр желілерімен 14 бірлік трансформатор орнатылса,  2022 жылға 36,7 шақырым электр желілерімен 19 бірлік тарнсформаторлар орнату жоспарланған.

Аудан аумағында жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1172,3 шақырымды құрайды. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 261,1 шақырым болса, оның 235,2 шақырымы немесе 90,1 пайызы қанағатанарлық жағдайда. 2022 жылы 15 шақырымы орта жөндеуден өткізу жоспарлануда немесе 95,8 пайызға жеткізу көзделуде.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 122,5 шақырым болса, оның 98,1 шақырымы орта және ағымдағы жөндеуден өткен, яғни бүгінде 2,5 шақырымы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жақсы және қанағатанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 82,1%-ға немесе 100,6 шақырымды құрайды.

2021 жылы аудан көлемінде 23,9 шақырымға орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы 32,8 шақырым ішкі көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Одан бөлек, 141,3 млн.теңгеге 19,8 шақырым ішкі көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізілсе, аудан аумағы арқылы өтетін А-15 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының жалпы ұзындығы 77,6 шақырым болса, қазіргі таңда 13 шақырым орта жөндеуді қажет етеді. Бұл бойынша тиісті басқармаға ұсыныс берілген екен. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру бойынша ауданымызда бір қатар жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, ауданның барлық ауылдық округтерінің және елді мекендерінің шекаралары белгіленіп, бекітілді. Елді мекен шегі 5 407,1 гектарға артып, 64 272,9 гектарға жетті. Нәтижесінде 80,6 гектарды құрайтын 407 азамат тұрғын үй жайларын заңдастыруға мүмкіндік алды. Аудан бойынша кезекте 11150 азамат тұр.

Білім саласы. Аудан бойынша білім саласының қарыштап дамуына барынша жағдайлар жасалып, қолдау көрсетілуде. Аудандағы 63 мектепте 3740 мұғалім білім беруде. 41–типтік, 22–ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 1 мектеп апатты жағдайда.

Ауданда бүгінгі таңда 1 мектептің құрылысы аяқталды. 1 мектептің құрылыс жүргізіліп жатқан болса, 1 мектепке қосымша 300 орындық ғимарат құрылыс жүргізілуде.  Сонымен қатар, 12 мектептің құрылысын жүргізу қажет.

2022 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасын аясында 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар: №81 «Мақташы», №56 «Т.Белгибаев» және №78 «Қызылту».

Спорт саласы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортқа баулу мақсатында жергілікті бюджет есебінен 5 ауылдық округ орталықтарына кіші футбол алаңшаларының құрылысы салынды.

2022 жылға 10 е/м спорт алаңшаларын салу жоспарлануда, сонымен қатар, жеке инвесторлар есебінен де спорт алаңшаларын ашуға ниетті.

Құрылыс саласы. Аудан бюджеті есебінен 1017,0 млн теңгені құрайтын 3 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Олар, Келес ауданы әкімдігінің ғимараты, орталық мәденеит үйінің ғимараты мен Абай ауылы, А.Сәтпаев көшесіндегі ғимараттар.

Сонымен қатар, 12 мектеп, 8 мәдениет үйлерімен 1 спорт комплексінің жобалық-сметалық құжаттамалыр әзірленіп, салалық басқармаға қаржы қарастыруға ұсынылды.

Бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану. Бірлесу а/о, Алтын ұя тойханасын (құны 170,0 млн.тг) сатып алып, мәдениет үйіне беруді қарастырудамыз. Сонымен қатар, Ұшқын және Алпамыс батыр а/о-теріндегі 2020 әскери бөліміне қарасты бос тұрған ғимараттарды жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы мектеп ғимаратына айналдыру жоспралануда. Одан бөлек, Қошқарата а/о-гінде бос тұрған ғимаратты жөндеу арқылы жағдайы төмен отбасыларына беруді жоспарлап отырмыз.

Абаттандыру саласы. Абай ауылының орталығындағы Е.Байбеков атындағы саябақ ішіне «Ауған соғысы ардагерлеріне» арналып ескерткіш орнатылды.

Сонымен қатар, Ошақты а/о, Ошақты е/м орналасқан М.Құрбанов және С.Мұханов кешелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, Біртілек ауылдық округі А-15 Республикалық маңызы бар автожол бойына жалпы ұзындығы 4,8 шақырым аяқжолмен көше бойына орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды.

2022 жылы Абай ауылы орталығы Асан Қайғы көшесінің бойынан спорт кешенінің құрылысы, көше бойын абаттандыру жұмыстарымен қатар 600 орындық мектеп құрылысын салу жоспарлануда.

Алдағы уақытта ауылдық округтер орталықтарындағы саябақтар мен бос орындарға аллея, демалыс орындарын салу бойынша эскиздік жобалар әзірленіп, ттиісті мекемеге ұсынылған. Бой көтерсе Келестің келбетіне сән береді деген сенімдеміз.

Leave a reply