ТҮРКІСТАНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кәріз жүйелерінің құрылысын бақылап, мердігерлермен кездесті. Кездесу барысында құрылысшылармен пікірлесіп, құбырлардың сапасы мен құдықшаларды орналастыру бойынша ескертулер жасады.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 127 шақырым сарқынды су жүйесі мен 27 дана КНС бар. Орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші – 30,5 пайыз. Өткен жылы 3 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Құрылысы 2021 жылы басталған, Иассы мөлтек ауданы, Ыждыхат аумағындағы (7480 абонент), Отырар мөлтек ауданының орамішкілік кәріз желілерін салудың 2 кезеңін (2023 абонент), Шауғар секторы, Ортақ аумағын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының І кезеңін (8544 абонент), Иассы мөлтек ауданы, Бірлік аумағын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысын (2607 абонент) жыл соңына дейін аяқтау көзделген.
Құрылысы биыл басталған, Тұран аумағын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының ІІ-кезеңі (3792 абонент) және Бекзат секторы аумағындағы сарқынды су жүйелерінің құрылысы (5972 абонент) келесі жылға өтпелі.
Шауғар мөлтек ауданы, Ортақ аумағын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының ІІІ- кезеңі мен Баянауыл аумағындағы тұрғын үйлерді және әлеуметтік нысандарды сарқынды сумен қамтамасыз ету құрылысына жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.