Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Тахамен кездесті

0
96

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен ИЫҰ-ның Бас хатшысы аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы арасындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ИЫҰ-ның саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және гуманитарлық салаларда байланыстар орнатуға ықпал ететін инклюзивті платформа ретіндегі жұмысын жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымымен арадағы іс-қимылдар туралы айта келе, Қазақстанның Ұйым аясында мұсылман елдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілді екенін нақтылады.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев Хиссейн Брахим Таханы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға шақырды. Бұл форум биыл күзде Қазақстан астанасында өтеді.

Leave a reply