ТҮРКІСТАНДА 273 БИЗНЕС ИДЕЯ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛМАҚ
Түркістан қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін секторларда “Бастау бизнес” жобасына қатысу, “business.enbek.kz” порталына өтініш білдірудің қадамдық алгоритмі, мемлекеттік грант және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау ережелерінде орын алған өзгерістер бойынша тұрғындармен кездесулер басталды.
Яссы секторында өткен алғашқы жиынға қала әкімінің кеңесшісі Ansarbek Abdikulov, “Жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Жулаева қатысып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
Түркістанда бұл бағытта былтырғы жылы жүйелі жұмыстар ұйымдастырылып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 298 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 256 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылды. Ал биылғы жылы кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі жоспар көрсеткіші еселеніп, 360 азаматты онлайн форматында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және 273 азаматтың бизнес идеяларын қаржыландыру көзделіп отыр.