AMANAT ПАРТИЯСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫ ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҰСЫНУ ШЕШІМІН ҚАБЫЛДАДЫ

0
156

AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімі қабылданды.

 

Съезд барысында 7 адам жарыссөзге шығып, олардың барлығы да алдағы кезектен тыс Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады және партияластарын да қолдауға шақырды.

 

Осыдан кейін делегаттар Қазақстан Республикасының президенттігіне AMANAT партиясының кандидаты ретінде Қ.Тоқаевты ұсыну мәселесін талқыға салып, бірауыздан қолдау көрсетті.

 

«AMANAT партиясы XXIV съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылады», – деді съезд шешімін жариялаған AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

 

Айта кетейік, бүгін барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы партиялықтар «AMANAT»-тың басты саяси іс-шарасына жиналды. Түркістан облысынан барған 65 делегат партияның бастамасына толық қолдау көрсетті. Съезге жалпы 1200 делегат қатысып отыр.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave a reply