ТҮЛКІБАСТЫҢ АЛМАСЫ-АЙ!

0
114

Қазір мұндағы қарқынды бауларда қарбалас тіршілік қайнап жатыр. Биыл өңір бағбандары 35 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Майтөбе ауылындағы қарқынды бауда алманың бес жұлдыз және голден делишес сорттары егілген. Қазір мұнда күніне 150-200 адам жұмыс істейді. Жартысы алма терсе, қалғаны оны іріктейді. Қораптарға салып, жүк көліктеріне артады. Түлкібастың тәтті алмалары еліміздің барлық өңіріне жөнелтіліп жатыр. Мұнда күніне 50-60 тонна алма жиналады. Бағбанның айткуынша, әр түп ағаш 20-30 келіге дейін өнім береді. «Биыл 2 мың тоннадай алма жинаймыз» деп жоспарлап отыр. Өнім алдымен ішкі нарыққа одан кейін Ресейге жөнелтіледі. Ауданында қарқынды баумен айналысатын 50-ден аса шаруашылық бар. Биыл олар 35 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.

«Қазір алма сақтайтын үш қойма жұмыс істеп тұр. Ең үлкені Шақпақ ауылдық округінде сыйымдылығы 2250 тонналық заманауи, газды ортада сақталады. Одан кейін осы Майтөбе ауылында 700 тонналық алма сақтайтын тоңазытқыш бар. Сосын Елтай ауылында 500 тонналық тоңазытқыш жұмыс істеп тұр. Бұл өндірілген алмаларды сақтап, қыс мезгілінде тұтынушыларға таза табиғи Түлкібас өнімдерін ұсынады»,- дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Абылай Төлепбергенов.

Қарқынды баудың тиімділігін түсінген аудан шаруалары бағбандыққа бет бұрып, қазір алма баудың көлемін 4 мың гектарға жақындап қалды. Оның 3 мыңға жуығы соңғы жылдары егілген жаңа бау.

 

 

Leave a reply