ОБЛЫС ӘКІМІ САЙРАМДАҒЫ СҮТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРНЫН АРАЛАДЫ

0
114
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ақсукент ауылдық округіндегі сүт өнімдерін өндіретін «AYKAN» ЖШС-нің жұмысымен танысты.
Агроөнеркәсіптік кешен 2020 жылы жұмысын бастаған. Зауытты Айкан Алмагүл Құдайбергенқызы басқарады. «Эмир» сауда маркасымен құрғақ сүт, құрғақ сарысу және сүзбелі ірімшік өнімдерін шығарады. Кәсібін ашуға жеке және тиісті бағдарлама есебінен қаржыландырған. Жобаның құны 739,3 млн. теңгені құрайды. Қуаттылығы бойынша жылына 900 тонна сүт өнімдерін өндіреді. 0,6 гектар жер аумағында орналасқан кәсіпорынның өнімдері Қазақстан аумағындағы сауда орындарына шығарылады. Өткен жылы өндірісте 48 тоннаға жуық құрғақ сарысу өндірілсе, биыл 9 айдың ішінде 35 тоннасы өндірілген. Қалдықсыз сүт өнімдерді өндіру мақсатында жаңа технологиялардың көмегімен сүт сарысуынан құрғақ ұнтақ шығарылады. Қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Қазіргі таңда 15 адам жұмыспен қамтылған.
Облыс әкімі кәсіпкердің жұмысын қолдап, табыс тіледі.

Leave a reply