Түркістан облысы құрылғалы жеке инвестициялар көлемі 1,5 трлн. теңгені құрады

0
140

Түркістан өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, туристер мен инвесторлар үшін заманауи, тартымды қалаға айналуда. Ал Түркістан облысы бүгінде еліміздің қарқынды дамып келе жатқан, әрі қарай даму резерві мол өңірлерінің бірі. Қазіргі таңда облыс экономикасының (ВРП) негізгі үлесін ауыл шаруашылығы (17,1%), логистика (9,8%), құрылыс (9,8%), тау-кен өнеркәсібі (8,4%), сауда (5,1%), және тамақ өнеркәсібі (3,3%) құрайды.

Түркістан облысының салалық мамандануын, сондай-ақ экономиканы дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, біз тамақ және жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, жаңартылатын энергия көздері, машина жасау сияқты салаларға инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс атқарудамыз.

Өздеріңізге белгілі, инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестицияларды тарту Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған негізгі міндеттер болып табылады.

Түркістан облысы 2018 жылы құрылғаннан бастап, бағытталған инвестициялар көлемі 2,4 трлн. теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 1,5 трлн. теңгені құрады.

Осы жылдың 8 айында өңірімізге 337,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 1,7% өсім болды.

Айта кету керек, облысымызда 2022-2026 жылдарға арналған Түркістан облысының инвестициялық жобаларының тізбесі (пул) қалыптастырылды. Оған жалпы сомасы
1,1 трлн. теңгеге 93 жоба енгізілді. Соның ішінде
45,1 млрд. теңгеге 44 жоба осы жылы іске асырылады.

        Бұдан бөлек облысқа инвестиция тарту аясында 70 компанияның тізімі әзірленіп, оның ішінде 33 компаниямен байланыс орнатылды. 11 компаниямен қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде.

Leave a reply