МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ БІРГЕ ЖАСАЙЫҚ!

0
131

Қоғамда жастардың орны бөлек. Елдің тірегі болып қана қоймай, болашақты да айқындайтын жас буыны екені даусыз. Ал келешегін бағамдайтын қазіргі мемлекет жастарының санасы ояу, білімі жоғары болуы үшін барлық мүмкіндіктер берілуде.

Мен бейбіт Қазақстан елінің жас ұрпағымын. Бүгінде ата-бабамыздың ғибратты тәлім қалдыруынан тыныш әрі бақытты өмір сүріп келеміз. Демек, келер ұрпақтың жақсы өмір сүруі біздің қолымызда деген сөз.

Елімнің болашағы мен үшін маңызды қадамдарды атқарудан тұрады. Мәңгілік әрі мықты ел болу үшін жаңару арқылы жоғары дамуға қадам басуымыз қажет. Бұл жаңаруда Президент бір рет және жеті жылға сайланады. Қайта сайлану мүмкіндігі болмайды. Яғни бұл – жаңа Қазақстан құруға деген нақты қадам. Қазақстанның жарқын болашағын жанкешті еңбек арқылы құруға болады. Қазақстан үшін қызмет ету – біз үшін үлкен мәртебе. Алаш қайраткерлерінің жоғары мақсаты мен асыл арманы – халыққа қалтқысыз қызмет ету болатын. Осы жолда ар-намыспен жүре отырып өз елімізге, оның халқына кең ауқымда қызмет етуіміз керек деп есептеймін.

Еліміздегі маңызды өзгеріске белсене қатысу – әрбір азаматтың болашақ ұрпақ алдындағы парызы. Сондықтан, барша жұртшылықты 20 қарашада өтетін Президент сайлауына белсене қатысуға және дұрыс таңдау жасауға шақырамын.

Әнелі МЕЙІРБЕК,
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы

Leave a reply