Сайрам ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 194,3 млрд теңгеге жеткен

0
121

Сайрам ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы жылдың 10 айында 194,3 млрд теңгеге жетіп, өсім 35,6 млрд.теңгені құраған. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 18,1%-ға артқан. Жалпы өнімнің ішінде 53,4%-ы ауылшаруашылығы саласына тиесілі болса, 23,5%-ы өнеркәсіп саласына, 17,2%-ы бөлшек саудаға, 5,8%-ы құрылыс саласының үлесінде.

 

Сонымен қатар жыл басында аудан бюджетінің кірістері 36,0 млрд.теңгеге, оның ішінде өзіндік кірісіміз 4,2 млрд.теңге көлемінде бекітілсе, 10 айда өзіндік кіріс көлемі 596,2 млн.теңгеге ұлғайған. Өз кезегінде, аудан бюджетінің 10 айлық кірістер жоспары 102,1%-ға орындалды.

2022 жылға арналған аудан бюджетінің шығыстары                                36,4 млрд.теңге болса, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге – 23,5 млрд.теңге (аудан бюджетінің 65,3%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына – 5,6 млрд.теңге (аудан бюджетінің 15,4%), әлеуметтік салаға – 4,8 млрд.теңге (аудан бюджетінің 13,2%) бағытталған.

 

Ауыл шаруашылығына келсек. Ауылды өркендетудің басты факторы – агроөнеркәсіп кешені сайрам ауданында тұрақты дамуда. Салада соңғы 3 жылда 1,2 есеге артық өнім өндірілген. Ал, 10 айда 103,8 млрд.теңгеден астам өнім өндірілсе, былтырға қарағанда 9,7 млрд.теңгеге артық өнім алынған.  Жаңадан 103,3 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендірілсе, жылыжайлар 10,4 га жерге салынып, 35 га жерге қарқынды бау егілген.

Дәл қазір шаруалар үшін қарбалас шақ, күздік бидай, арпа толығымен жиналып біткен. Былтыр “Бір жерден бір жылда екі рет өнім алу” жобасы 280 гектарда жүзеге асырылса, биыл бұл көрсеткіш 306,2 гектарға жетті. Барлық шаруашылықтарда мал басы көбейген, 10 айда ет өндірісі 0,1%-ға, сүт – 1,0%-ға артты.

Сондай-ақ, жалпы 105 жұмыс орнымен қамтылған 2,9 млрд.теңгелік 5 жоба іске қосылған:

– Жібек жолы ауыл округінде ЖК Урунбеков «Жібек Жолы»- диірмені (құны-370,0 млн. теңге) мен өсімдік майын шығаратын цехті іске қосты (құны – 37,0 млн. теңге);

– Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Юг Фуд» ЖШС-і–сүт өңдейтін зауыт («Юг Фуд» сауда маркасымен ірімшік, құны – 100,0 млн.теңге);

– Ақсукент ауыл округіндегі “ЗӘУРЕ” ШҚ – 6 га жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай жобасы (құны – 2232,9 млн.теңге) іске асты.

Суармалы егістік жерлерді ағын сумен қамтып, мол өнім алу мақсатында «Ақсу» МКК тарапынан бүгінгі күнге ұзындығы                             132 шақырым каналдар мен арықтар тазаланды, жұмыстар жалғасуда.

Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемін 119,7 млрд.теңгеге жеткізіп, өсімді сақтап қалу межеленуде.

 

Өнеркәсіп саласына оралсақ. Биылғы жылдың 10 айында кәсіпорындармен 45,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылға қарағанда 15,0 млрд. теңгеге артқан. Өңдеу саласы дамып келеді, оның өнеркәсіп саласындағы жалпы үлесі 86%-ға жеткен, бұл салада 39,5 млрд.теңгенің өнімі шығарылған.

Құрылыс индустриясын дамытуда кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен 1 жоба іске қосылды, тұрақты өнім өндірілуде:

– Ақсу ауылында орналасқан «Корпорация АЯН» ЖШС-і–газоблок шығаратын зауыт, құны -200,0 млн.теңге, қуаттылығы 830 текше метр, ашылған жұмыс орны – 30 адам.

Өнеркәсіп саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жыл қорытындысымен өнім көлемін 43,5 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Аудан экономикасына жыл басынан 32,9 млрд.теңгеге инвестиция тартылса, оның 27,6 млрд.теңгесі немесе 84% жеке кәсіпкерлер есебінен тартылған. Бюджеттік емес инвестиция көлемінің өсу қарқыны сақталып, соңғы жылдары 1,6 есеге артқан.

 

Шағын кәсіпкерлік. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының
Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты шешімдер мен тапсырмалар берді. Соның бірі кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру. Бұл жастарға үлкен қолдау болып табылады. Ауданда биылға жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 222 грант беруге 272,2 млн.теңге бөлінсе, бүгінгі таңда 224 азаматқа берілген.

2022 жылдың 10 айында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 17 мыңнан асты, салада 25 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 136,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Жоспар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 146,7 млрд.теңгеге жеткізу межеленіп отыр.

Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қаржыландыру жұмыстары  жақсы жүргізілуде. Есепті кезеңде микрокредиттік ұйымдар  арқылы 2543 жоба  8525,2 млн.теңгеге қаржыландырылған.

 

Соңғы 3 жылда ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 16,5 млрд.теңге қаржы тартылған.

Тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында биылғы  жылы аудандық бюджеттен Қожақорған және Нұржанқорған  ауылдарын ауыз сумен қамту желілерінің құрылысына ЖСҚ дайындауға 8,0 млн.теңге бөлінген. Қарабұлақ ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамтуға ЖСҚ дайындауға 15,6 млн теңге  бөлініп, жоба әзірленуде.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 110,6  млн.теңгеге Көлкент ауыл округіне қарасты Ақсуабад ауылында 32 га жерге ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қазан айында пайдалануға берілді, нәтижесінде 300 тұрғын ауыз сумен қамтылды.

Табиғи газбен 42 елді мекеннің 31-і қамтылған, қамту көрсеткіші 73,8%-ға жеткен. 2022  жылға 6 елді мекенді (Құтарыс, Қызылжар, Ақсуабад, Оймауыт, Ақарыс, Көлкент) газбен қамтамасыз етуге Ұлттық қордан 1,4 млрд.теңге қаралды, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұйыртса, 2025 жылға дейін аудан халқын газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарда.

Сонымен қатар, биылғы жылы инженерлік-коммуникация желілер құрылысына (ауыз су,газ, жол,электр желісі) 7 нысанға барлығы                    848,4 млн.теңге қаралды (Ұлттық қор-82,0 млн.теңге, РБ- 418,5 млн.теңге, АБ- 348,0 млн.теңге), оның 3 нысаны бойынша құрылыс жұмыстары аяқталған.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл 82,0 млн.теңгеге Қасымбек датқа ауылындағы «Көмешбұлақ» мешітінің жанындағы Жаңа құрылыс көшелеріне КТП орнату мен электр желілерінің құрылысы аяқталды.

 

Аудан көлеміндегі 1298,1 шақырым автокөлік жолдардың 59,9%-ы қанағаттанарлық жағдайда.

2022 жылға аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуге 367,8 млн.теңге (ОБ – 221,2 млн.теңге, АБ – 146,6 млн.теңге) қаралған.  ҚР Ұлттық қорынан  аудандық маңызы бар 7 көшені күрделі жөндеуге 2,2 млрд.теңге бөлінді. Орташа жөндеу жұмыстарына 13 көшеге 222,1 млн.теңге қаралды.

Қазіргі таңда 12 ішкі көше орташа жөндеуден өткізілді,                                    аудандық маңызы бар 5 автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтуде.

Нәтижесінде жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 61,6%-ға жетеді.

 

Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты шешімдер мен тапсырмалар берді. Атап айтқанда:

  1. Халықтың талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру;
  2. Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру;
  3. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту;
  4. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беру;
  5. «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру, қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың 18 жасқа толғанға дейін арнаулы жинақтаушы есеп шотына аудару. Аталған өзгерістер жүйелі түрде іске асырылып, әлеуметтік ахуалдың дұрысталуына оң серпін бермек.

Жыл басынан аз қамтамасыз етілген 3235 отбасына 843,2 млн.теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек, 2945 балаға 185,9 млн.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық  жобасын іске асыру жоспарына» биыл 1,8 млрд теңге қаралса, 10 айда бағдарламаға 9486 адам қатысты. Оның ішінде 276 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 876 адам жастар практикасына, 1759 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, мүмкіндігі шектеулі  388 азамат жұмыспен қамтылды, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 274,4 млн.теңге мемлекеттік грант берілді.

Сонымен қатар, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында                                  77 отбасына 49,8 млн.теңгеден астам демеушілер тарапынан және материалдық көмек көрсетілсе, 4 отбасына тұрғын үй берілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданның экономикалық белсенді халық санына қарай 1160 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 1419 жаңа жұмыс орыны ашылып, жоспар 122,0%-ға орындалды.

Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрап, былтырға қарағанда төмендеген.

 

Білім саласында да ауданда жақсы жаңалықтар көп. Биылғы жылы жалпы құны 2,3 млрд. теңге құрайтын 2 мектептің құрылысы жүргізілуде  (Айнабұлақ атындағы жаңа 600 орындық ЖОМ, №62 Анартаев атындағы ЖОМ қосымша 300 орындық оқу корпусы). 2022 жылға 335,2 млн.теңге бөлінді, нысандар өтпелі.

Бұдан бөлек, жалпы инвесторлар есебінен 17 жекеменшік мектептің құрылысы жүргізілуде. Өздеріңізге белгілі, жаңа оқу жылында 12 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда:

– Қайнарбұлақ а/о Қасымбек Датқа ауылында кәсіпкер С.Сағындықовтың қаражаты есебінен 300 орындық “Бақдәулет бастауыш мектебі”;

– Манкент ауылдық округінде Н.Сулаймановтың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі әрқайсысы 1200 орындық «Әл-Фараби», «Ә.Навои», «А.Қарабаев», «Арофат ана», «Д.Қонаев»,  «Ю.Гагарин»  атындағы мектептер;

– Қарабұлақ ауылында жеке кәсіпкер Ф.Рыскуловтың қолдауымен жаңа типтік үлгідегі 419 орындық «Ухуд» жалпы орта мектебі; жеке кәсіпкер М.Ахмедовтің қолдауымен жаңа типтік үлгідегі 225 орындық «Мейірбұлақ» бастауыш мектебі;

– Қарамұрт ауылында жеке кәсіпкер Ш.Шарафутдиновтың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі 280 орындық «Нұрлы-жол» бастауыш мектебі;

– Ақсу ауылында жеке кәсіпкер Г.Тулепбергенованың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі 110 орындық «Aqsu Education» бастауыш мектебі;

– Қарасу ауылында жеке кәсіпкер Г.Алматовтың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі 150 орындық «Smart Kids» бастауыш мектебі іске қосылды.

 

Ауданда мәдениет, тілдер мен ономастика саласын дамыту бағытында 236 іс-шара өткізілді. Ірі  кітап көрмелері жасалып, виртуалды бейнешолу түсіріліп, фейсбук әлеуметтік желісіне шығарылуда.

Спорт саласында 145 (134 – аудандық, 8 – облыстық, 3 – республикалық)  іс- шара өткізіліп, оған 10511 адам қатысты. Қорытындысы бойынша аудан спортшылары 8 алтын, 11 күміс және 16 қола медальдарға қол жеткізді. Жасөспірімдер арасында спортты насихаттау мақсатында ауданнан шыққан спорт тарландарымен                                кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, аудан халқының игілігіне пайдалану үшін «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл:

– 100,0 млн.теңгеге Ақбұлақ ауылындағы мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысы басталды;

– 200,0 млн.теңгеге Қарасу ауылындағы спорт кешені ғимаратының құрылысы басталады, мемлекеттік сатып алу конкурстары өтуде.

Бүгінде ауданда  ішкі саяси жағдай тұрақты. Өздеріңізге белгілі, белсенді түрде жұмыс істеп тұрған «Парасат» пікір талас клубының тәжірибесі облысқа таратылды. Қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба өз жемісін беруде. Биыл клуб мүшелері 3 рет бас қосты.

Былтырғы жылы өз бастауын алған «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында өткізіліп жатқан онкүндік іс шаралары жалғасын табуда. Яғни, алдағы уақытта да жұмысымызға оң әсерін тигізері сөзсіз.

Мемлекет басшысы халық пен билік арасын жақындата түсу керектігі туралы тапсырмасына сәйкес, үш ай сайын халықпен кездесу өткізіп,ауылдарды аралып, шаруалардың жағдайын көріп, көтерілген мәселелер бақылауға алынып, мүмкіндігіне қарай шешілуде.

Сонымен қатар, «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде «Сайрам ауданы» парақшасы іске қосылып, ауданға қатысты тиісті ақпараттар күнделікті жариялануда. Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында ашылған «Телеграмм ботт», «WhatsApp» желілері арқылы жұмыстар жүргізілуде.

Leave a reply