САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

0
150
 Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
 Аудан әкімнің жеке қабылдауына 6 ауыл тұрғыны келіп, түрлі жеке мәселелері бойынша өздерінің өтініштерін жеткізді. Атап өтсек, Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекенінің тұрғындары А.Исабеков елді мекендегі жаңадан салынып жатқан мектеп туралы айтса, Н.Акешов елді мекендегі ауыз су, жол, жарық тағы басқа мәселелерді көтерді. Сонымен бірге, Шорнақ ауылдық округі Аша елді мекенінің тұрғыны А.Бердибеков Аша елді мекеніндегі ауыз су, ағын су, жарық, көгілдір отын мәселесін алға тартты. Ал, Қарашық ауылдық округінің тұрғыны Х.Умарова жеке кәсібіне қолдау көрсетуді, Майдантал ауылдық округінің тұрғыны Қ.Байкенжеев жер мәселерін шешуді сұрады.
Жеке қабылдауда аудан әкімі Ғ.Рысбеков ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave a reply